Бүгінгі талқылау Қарабұлақ ауылының мектебінде жалғасын тапты. Қарабұлақ орта мектебінің ұжымымен өткен кездесуде Конституциялық реформаның дайындалу кезеңдері мен мазмұны түсіндірілді.
Коалиция мүшелері жоба 2025 жылғы қыркүйекте басталған реформадан кейін кезең-кезеңімен әзірленгенін, 130 сарапшыдан тұратын Конституциялық комиссия құрылғанын және 10 мыңнан астам ұсыныс түскенін атап өтті.
«Бұл құжат жабық кабинетте емес, ашық қоғамдық талқылау негізінде дайындалды. Комиссия 12 ашық отырыс өткізді, ұсыныстар жүйеленіп, пысықталды. Сондықтан жаңа Конституция – белгілі бір топтың емес, кең қоғамдық қатысудың нәтижесі. Референдум – сол қоғамдық еріктің заңды бекітілу кезеңі», – деді коалиция мүшесі Рүстем Әлімов.
Ұжым өкілдері референдумға белсенді қатысуға дайын екендіктерін білдірді.


