Қарағанды облысының кадрлық резерві:Өңірдің жаңа көшбасшылары

         Өңірлік кадр резерві – еліміздің дамуына үлес қосатын, жаңа буын білікті басқарушыларды қалыптастыруға бағытталған стратегиялық маңызы бар жоба. Алдағы уақытта да бұл бастама мемлекеттік кадр саясатын одан әрі жетілдіруге және мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға елеулі үлес қосады деп сенеміз.

         Кадр резервіне қатысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің «Әділ Қазақстанның экономикалық бағыты» атты Жолдауында жоспарланған реформаларды тиімді іске асыру мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігіне, жеке жауапкершілігіне және саяси
ерік-жігеріне тікелей тәуелді екенін ерекше атап өткен болатын.

         Осы басымдықтарды жүзеге асыру мақсатында 2024 жылы Қарағанды облысында алғаш рет Өңірлік кадр резервін қалыптастыру бойынша іріктеу өткізілді.

         Іріктеу қорытындысы бойынша 25 үміткер Қарағанды облысының өңірлік кадр резервіне қабылданды. Бүгінгі таңда олардың 50 %, тиісті орта буындағы басшылық лауазымдарға тағайындалып, экономика, жер қатынастары, тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылық, құрылыс және сәулет секілді әртүрлі салаларда  еңбек етуде.

         Сонымен қатар, өзге резервшілерге әртүрлі бос лауазымдар ұсыну жұмыстары жалғасын табуда.

         Өңірлік кадр резерві – мемлекеттік қызмет саласында кезең-кезеңімен кәсіби табысқа жетудің жүйелі әрі тиімді тетігі. Бұл жол қызметтік сатылардың барлығынан өтіп, тәжірибе жинақтауға, басқару үдерістерін терең меңгеруге және кәсіби тұрғыда шыңдалуға мүмкіндік береді. Мемлекеттік басқару жүйесінің қыр-сырын жан-жақты түсіну үшін осындай сатымен даму аса маңызды.

         Осыған орай, резерві арқылы кезең-кезеңімен өсу – тек мансаптық жетістікке жету ғана емес, сонымен қатар кәсіби кемелденудің сенімді кепілі. Бұдан бөлек, резерв аясында өзге мемлекеттік органдардағы тең деңгейдегі (горизонталь) лауазымдарға ауысу арқылы жаңа тәжірибе жинап, болашақта кәсіби өсуге жол ашылады.

Ж.Сәрсен,

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

Қарағанды облысы бойынша

департаментінің басшысы,

Әдеп кеңесінің төрағасы

Мемлекеттік тілді насихаттау және оның қолдану аясын кеңейту

        Мемлекеттік тіл — кез келген елдің рухани байлығы, ұлттық...

СОТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ ҚАЗІРГІ ЖАЙ-КҮЙІ

Мемлекеттік тіл – елдің қоғамдық және мемлекеттік өміріндегі маңызды...

Ювеналды соттардың соттылық мәселелері

Қазақстан Республикасының сот жүйесінде соттылық ұғымы – әрбір азаматтың...

Вместе к здоровому образу жизни: осуждённые провели товарищеский матч

В Семее на городском футбольном поле состоялась товарищеская игра...

Мемлекеттік тіл және әділ сот қағидаты

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің негізгі нышандарының бірі, қоғамның құқықтық...