Қарағанды облысында жаңғыртудан өткен үш теміржол вокзалы пайдалануға берілді

Қарағанды облысында вокзалдарды жаңғырту бағдарламасы аясында Нұра, Қарағанды-Сұрыптау және Жаңа Қарағанды станцияларындағы теміржол вокзалдары, сондай-ақ Шет ауданындағы Айса станциясының жолаушылар платформасы пайдалануға берілді.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске асырылып жатқа бағдарламаға облыстан 14 теміржол вокзалы мен жолаушылар платформасы енген болатын. Бүгін пайдалануға берілген нысандар алғашқылардың бірі. Жоба жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға, қолайлы жағдай жасауға және көлік инфрақұрылымын заманауи талаптарға сай жаңғыртуға бағытталған.

Жұмыс барысында ғимараттың қасбеті мен ішкі үй-жайлары толық жаңартылды, инженерлік желілер, жылыту, сумен жабдықтау және электрмен жабдықтау жүйелері жаңғыртылды. Вокзалда заманауи күту аймақтары жасалып, навигация жақсартылды, жүріп-тұруы шектеулі азаматтар үшін қолайлы жағдайлар қамтамасыз етілді.

Жаңғыртылған маңызды нысандардың бірі – 1965 жылы салынған Қарағанды-Сұрыптау станциясының вокзалы. Ұзақ жылдар пайдаланылған ғимарат кешенді жаңартуды қажет етті. Бүгінде вокзал толықтай жаңғыртылып, заманауи талаптарға сәйкес келтірілді. Бұл станция арқылы тәулігіне 21 жолаушылар пойызы қатынайды.

Өңірде теміржол инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Жаздың соңына дейін Балқаш-2, Мойынты, Ақадыр, Дария, Жарық, Мырза және Сарыбел станцияларындағы вокзалдарды, сондай-ақ Теміртау мен Сарышаған станцияларындағы жолаушылар платформаларын қайта жаңғырту жұмыстарын аяқтау жоспарланып отыр.

Жалпы, Қазақстан бойынша жаңғырту бағдарламасы аясында 124 теміржол вокзалы қайта жаңартылуда. Бұл жұмыстар көлік қызметтерінің сапасын арттыруға, өңірлік инфрақұрылымды дамытуға және жолаушылар үшін қолайлы әрі қауіпсіз жағдай жасауға бағытталған.

ҰЛТТЫҚ ҰЛАН БӨЛІМШЕЛЕРІН ҚАЖ ЖҮЙЕСІНЕ БЕРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Алматы және Жетісу облыстары бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде Ұлттық...

ИСЛАМ ДІНІ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ РУХАНИЯТЫНЫҢ ҮНДЕСТІГІ

«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында Қазақстан Республикасы ІІМ ҚАЖК...

Нархоз университетінде мүгедектігі бар тұлғалардың еңбек саласындағы құқықтары талқыланды

Мүгедектігі бар тұлғалардың еңбек саласындағы құқықтары Нархоз университетінде талқыланды....

Трудовые права лиц с инвалидностью обсудили в Нархозе

В Университете Нархоз состоялась открытая лекция на тему «Правовое...

Приоритетные направления культурной дипломатии Франции

12 ноября представитель Посольства Франции в Республике Казахстан, генеральный...