Қандастардың зейнетақысы қалай есептеледі?

Мәжілістің жалпы отырысында депутат Нұргүл Тау Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушы Виктория Шегайға Моңғолиядан Қазақстанға көшіп келген азаматтардың еңбек өтілі мен зейнетақы есептеу тәртібіне қатысты сұрақ қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сөз алған депутат қарастырылып отырған заң жобасын қолдайтынын атап өтті. Бұл — екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған маңызды құжат.

Осы келісімнің үшінші бабына сәйкес, зейнетақы тағайындау тұрғылықты елдің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Осыған орай, зейнетақы тағайындау кезінде Моңғолияда өткен еңбек өтілі қалай есепке алынады? Зейнетақыны есептеу кезінде қандай жалақы ескеріледі? Оны растау механизмі қандай? — деп сұрады Нұргүл Тау.

Министрдің міндетін атқарушы Виктория Шегай еңбек өтілін растау екі ел арасында ақпарат алмасу тәртібі арқылы жүргізілетінін айтты.

Келісім Қазақстан мен Моңғолияның құзырлы органдары арасында еңбек өтілін растауға қатысты ақпарат алмасу тәртібін қарастырады. Осылайша, Моңғолия аумағында өндірілген еңбек өтілі Қазақстанға тұрақты тұруға қоныс аударған азаматтар үшін 1998 жылға дейінгі кезең бойынша еңбек кітапшалары мен өзге де растайтын құжаттар негізінде есепке алынады. Сондай-ақ оқыту кезеңі мен әскери қызмет мерзімі де ескеріледі, — деді ол.

Шегайдың айтуынша, 1998 жылдан кейінгі еңбек өтілі әлеуметтік жарналардың төленуі арқылы расталады.

Ал 1998 жылдан кейін Моңғолия аумағында жинақталған еңбек өтілі олардың Моңғолияның мемлекеттік әлеуметтік қорғау қорына төлеген сақтандыру жарналары арқылы расталады. Бұл ақпарат Қазақстанға да беріледі және еңбек өтілін анықтауда қолданылады, — деп түсіндірді министрдің міндетін атқарушы Мәжілісте.

Қазақстанда ҰБТ форматы өзгереді: Талапкерлерді қандай жаңалық күтіп тұр 

Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу емтиханының жаңа форматы әзірленіп жатыр. Ол талапкерлердің пәндік білімін ғана емес, сыни ойлауын, цифрлық сауаттылығын, жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын және ақпаратты талдау қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.

Ипотека бағдарламалары. 2027 жылы қалай үй алуға болады?

Қазақстанда 2027 жылы жеңілдігі бар бірнеше ипотека бағдарламасы шығады. Бұлар: «7-20-25», «Наурыз», «Ұмай», өңірлік және әскери ипотека.

Елімізде түнде -8 градусқа дейін аяз болады

4 қарашада Қазақстанның 20 қаласының 18-інде жауын-шашын болмайды. Шымкент...

Қазақстанда қала халқы өсіп, ауыл тұрғындарының саны азайды

2026 жылғы 1 қазанда Қазақстан халқының саны 20,6 миллион адамнан асты. Жыл басынан бері ел тұрғындары 133 707 адамға немесе 0,65% көбейген.

Время перемен и ответственности

ЭКОНОМИЧЕСКИЙ РОСТ, БЛАГОСОСТОЯНИЕ ГРАЖДАН, РАЗВИТИЕ РЕГИОНОВ И ПРАВОВЫЕ ГАРАНТИИ СТАЛИ ГЛАВНЫМИ ТЕМАМИ ОБСУЖДЕНИЯ ПОСЛАНИЯ. ЕГО ПОЛОЖЕНИЯ ПОЛУЧИЛИ ПОЛОЖИТЕЛЬНЫЕ ОЦЕНКИ СО СТОРОНЫ КАЗАХСТАНСКИХ ЭКСПЕРТОВ И ПРЕДСТАВИТЕЛЕЙ ОБЩЕСТВЕННОСТИ, А ТАКЖЕ ВЫЗВАЛИ ИНТЕРЕС ЗАРУБЕЖНОГО ЭКСПЕРТНОГО СООБЩЕСТВА.