Қаланың мемлекеттік қызметті алушылары үшін «Qoldau» акциясы өтті

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті Алматы қаласының аудандық мемлекеттік кірістер басқармаларымен бірлесіп, көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметтерді алу кезінде қолдау және көмек көрсету мақсатында «Qoldau» акциясын ұйымдастырып, өткізді.

Акцияға 1000-нан астам азамат, оның ішінде заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер мен жеке тұлғалар қатысып, олар осы акцияның арқасында Қазақстан Республикасының салық заңнамасы саласындағы қызықтырған сұрақтарына жауап алды.

Сонымен қатар, азаматтарға салықтық әкімшілендіру, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік, аудиторлық қызмет тәртібі сияқты мемлекеттік қызметтердің бірқатар түрлері бойынша кеңестер берілді.

Оған қоса, көрсетілетін қызметті алушылар салық қатынастарын реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру бойынша өз ұсыныстарымен бөлісе алды.    

Қазақстан Республикасы

мемлекеттік қызмет істері

Агенттігінің Алматы қаласы

бойынша департаменті

басшының м. а. Н. Узбеханов 

ӘДІЛЕТ ЖОЛЫНДАҒЫ ОТЫЗ ЖЫЛ

Қазақстан Республикасы Судьялар одағының 30 жылдығына орай Сот жүйесі –...

Честность, профессионализм и ответственность – основа государственной службы

В Ауэзовском районе Алматы состоялась встреча с государственными служащими,...

Адалдық, кәсібилік және жауапкершілік – мемлекеттік қызметтің негізі

Алматы қаласының Әуезов ауданында мемлекеттік қызмет, қызметтік әдеп және...

Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі

Қазақ тілі – қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан, ұлттық...

ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ БОЙЫНША ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТКІЗІЛДІ

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мекемесінде...