«ҚАЛАДАН — АУЫЛҒА» КӨШ ТҮЗЕГЕНДЕР КӨБЕЙДI

Ауылға адам тарту оңай емес. Ал қаладан ауылға отбасыларды көшіріп, оларды жаңа ортаға бейімдеп, баспанамен, жұмыспен қамтамасыз ету – одан да күрделі міндет. Абай облысында осыдан бес жарым ай бұрын басталған «Қаладан – ауылға» жобасы бұл бағытта алғашқы нақты нәтижелерін көрсетіп отыр. Бүгінде облыс тың ауылдарына 1240 адамнан тұратын 395 отбасы қоныстанған. Жыл соңына дейін 500 отбасын көшіру межесі қойылғанын ескерсек, жоспардың басым бөлігі орындалып үлгерген.

Абай облысында ауылдардың əлеуетін арттырып, қала тұрғындарын ауылдық жерлерге тартуға бағытталған «Қаладан – ауылға» жобасы биылғы жылдың ақпан айының соңында іске қосылған болатын. Бастаманың негізгі мақсаты – ауылды жаңа тұрғындармен толықтыру ғана емес, ауылдық жерлерде өмір сүруге, еңбек етуге жəне кəсіп бастауға қолайлы жағдай қалыптастыру. Жоба үйлестірушісі Қанат Тұрардың айтуынша, бастама қолға алынғаннан бері бес жарым айдың ішінде 395 отбасы, яғни 1240 адам ауылдарға орналасқан. Жыл соңына дейін облыс тың ауылдарына 500 отбасын көшіру жоспарланып отыр. Демек, қазіргі нəтиже белгіленген межеге айтарлықтай жақындағанын көрсетеді. Бірақ жобаға қатысушылардың саны артқан сайын оның келесі кезеңі де күрделене түседі. Өйткені отбасын ауылға көшіріп əкелу – жұмыс тың бір бөлігі ғана.

Ең маңыздысы – оны сол жерде тұрақтандыру.
Қанат Тұрардың айтуынша, қоныс аударған əр отбасының жағдайы жеке-жеке зерделеніп жатыр. Жоба үйлестірушілері отбасылармен байланысып, балалардың мектепке орналасуын, ата-аналардың жұмысқа тұруын, кəсіппен айналысу мүмкіндігін, баспанамен қамтылуын жəне жергілікті атқарушы органдар тарапынан қандай қолдау көрсетілгенін анықтап отыр.Себебі ауылға көшкен отбасы жаңа ортаға бір күнде бейімделіп кетпейді. Əсіресе, балалы отбасылар үшін мектеп мəселесі, ал еңбекке қабілетті азаматтар үшін жұмыс пен табыс көзі бірінші кезекте тұр. Сондықтан «Қаладан – ауылға» жобасының тиімділігін тек көшіп келген адамдардың санымен емес, олардың ауылда қаншалықты орныққанымен бағалау қажет. Бүгінде осы бағытта нақты мониторинг жүргізіліп
жатқаны байқалады. Жоба үйлестірушілері қоныс аударған отбасылардың əрқайсысымен жеке сөйлесіп, олардың жағдайын сұрап, туындаған мəселелерді анықтауға тырысып отыр. Бұл тəжірибе жобаның жай ғана көші-қон науқанына айналмай, адам тағдырына негізделген əлеуметтік жоба ретінде қалыптасуына мүмкіндік береді.


Жобадағы тағы бір назар аударарлық көрсеткіш – соңғы аптадағы нəтиже. Бір аптаның ішінде облыстың ауылдарына 42 отбасы көшіп келген. Бұған дейінгі орташа көрсеткіш аптасына 10-15 отбасы шамасында болғанын ескерсек, бұл айтарлықтай өсім. Тұрар мырзаның айтуынша, мұның бірнеше себебі бар. Біріншіден, жоба туралы ақпараттың таралуы артып келеді, екіншіден, алғашқы қоныс аударушылардың тəжірибесі кейінгі отбасыларға белгілі бір деңгейде сенім беріп отыр. Үшіншіден, тамыз айының ортасына қарай балаларды жаңа оқу жылына мектепке орналастыру мəселесі өзекті бола түседі. Сондықтан көптеген отбасы қыркүйекке дейін ауылға барып, орналасып алуға ұмтылып отыр. Бұл жерде уақыт факторы маңызды. Балалы отбасы үшін жаңа оқу жылын жаңа мектепте бастауға дайындық, құжаттарды реттеу, тұрғылықты жерге орналасу – барлығы алдын ала шешілуі тиіс. Сондықтан соңғы апталардағы көші-қон қарқыны ның артуын жобаның табиғи түрде жаңа кезеңге өткенінің белгісі деуге болады.
Көшіп келушілер арасында Семейден ғана емес, басқа өңірлерден келгендер де бар. 395 отбасының 1240 мүшесінің 508-і Семей қаласынан болса, қалған 733 адам Қазақстанның басқа өңірлерінен қоныс аударған. Бұл – жобаның жергілікті қала тұрғындарын ауылға тартумен ғана шектелмей, сырттан да жаңа тұрғындарды қабылдауға мүмкіндік беріп отырғанын көрсетеді. Яғни, жоба бір мезгілде екі мəселені шешуге бағытталған. Біріншісі – облыс ішіндегі ішкі көші-қонды реттеу болса, екіншісі – өзге өңірлерден еңбек ресурстарын тарту. Бұл əсіресе халқы азайып бара жатқан немесе еңбекке қабілетті тұрғындары жеткіліксіз ауылдар үшін маңызды. Өйткені ауылдың экономикасы ең алдымен адамға байланысты. Жер бар, мал шаруашылығын дамытуға мүмкіндік те мол. Бірақ осы мүмкіндіктерді іске асыратын адам болмаса, оның экономикалық əлеуеті толық пайдаланылмайды. Сондықтан ауылға жаңа отбасылардың келуі – демографиялық қана емес, экономикалық та фактор. Жоба аясында облыстың 10 ауданының əрқайсысына 50 отбасынан қабылдау міндеті қойылған. Осылайша жыл соңына дейін 500 отбасын орналастыру жоспарланып отыр. Аудандардың арасында жоспарды орындау қарқыны да əртүрлі. Мəселен, Бесқарағай ауданы 50 отбасын көшіріп, белгіленген межені 100 пайыз орындаса, қалған аудандарда да жұмыс жалғасып жатыр. Кейбір аудандарда көрсеткіш 42 отбасыға дейін жеткен. Ал кейінгі бес ауданда шамамен 37 отбасыдан орналасқан. Аудандар жоспардың 74-75 пайызына жуық бөлігін орындап отыр. Маңыздысы – жоспардан айтарлықтай қалып қойған аудан жоқ. Бұл жобаға аудан əкімдіктерінің де белсенді қатысып отырғанын көрсетеді. Жалпы, əр ауданға нақты көрсеткіш бекітілуі жəне оның əкімдердің жұмысын бағалау жүйе сіне енгізілуі жауапкершілікті арттыратын тетікке айналып отыр. Жобаның тартымдылығы оның нақты қолдау шараларымен байланысты. Қала тұрғыны ауылға көшкенде ең алдымен баспана мен тұрақты табыс көзін ойлайды. Осы тұрғыдан алғанда, жоба аясында азаматтарға тұрғын үй, жұмыс жəне кəсіп
бастау мүмкіндіктерін ұсыну қарастырылған. Абай ауданына қарасты Медеу ауылдық округінің тəжірибесі осының нақты мысалы. Мұнда қоныс аударған отбасыларға тұрғын үймен қатар мал шаруашылығын бастауға мүмкіндік беру ұсынылған. Əр отбасына 10 бас қой, 2 бас ірі қара жəне 1 жылқы беру қарас тырылған. Сонымен бірге тұрақты жұмыспен қамту мəселесі де назарда. Бұл – «ауылға келіңіз» деген жалаң шақыру емес, «келіңіз, еңбек етіңіз, табыс табыңыз, өз шаруашылығыңызды дамытыңыз» деген нақты ұсыныс. Мұндай модельдің өміршеңдігі де осында. Ауылдың инфрақұрылымы болмаса, көші-қон тұрақты болмайды. Əрине, бір отбасыға үй мен мал беру жеткіліксіз. Қазіргі заманғы ауыл тұрғыны үшін əлеу меттік инфрақұрылымның сапасы да маңызды. Медеу ауылында
мектеп, мəдениет үйі, медициналық пункт, тұрақты интернет, спорт жəне ойын алаңдарының жұмыс істеуі – жобаның кешенді сипатқа ие екенін көрсетеді. Өйткені ауылға көшетін отбасы ең алдымен баласының жағдайын ойлайды. Сондықтан ауылды дамыту дегеніміз – тек жол салу немесе əлеуметтік нысан тұрғызу емес. Бұл – адамның ауылда толыққанды өмір сүруіне қажетті ортаны қалыптастыру.
Жоба басталғанына небəрі бес жарым ай болғанын ескерсек, қазіргі көрсеткіштерді алғашқы нəтиже ретінде баға лауға болады. Ендігі міндет – осы қарқынды сақтап қана қою емес, ауылға келген əр отбасының тамыр жаюына мүмкіндік жасау. Бүгінгі таңда ауылға жаңа тұрғындар ғана емес, жаңа идея, жаңа кəсіп, жаңа өмір салты қажет. Егер «Қаладан – ауылға» жобасы осы үш бағытты қатар алып жүрсе, оның тəжірибесі Абай облысының шеңберінен шығып, Қазақстанның басқа өңірлеріне де үлгі болары анық. Өйткені
ауылды сақтап қалудың ең тиімді жолы – оны өткеннің мекені емес, болашақтың мекеніне айналдыру.


Айша ҚҰРМАНҒАЛИ,
«Заң газеті»

Құрылтай сайлауына екі күн қалды: 23 тамызда қалай дауыс беруге болады? 

Қазақстанда Құрылтай депутаттарын сайлауға екі күн қалды. Осы жексенбіде қазақстандықтар өз таңдауын жасайды.

Электросамокатқа шектеу күшейеді: Жаңа талап нарыққа қалай әсер етеді? 

25 тамыздан бастап Қазақстанда самокатпен тротуарда жүруге толық тыйым салынады. Сондай-ақ кәмелетке толмағандардың самокат басқаруына да жол берілмейді.

Алматыда мыңнан астам жүргізуші көлік басқару құқығынан айырылуы мүмкін 

Алматыда медициналық қарсы көрсетіліміне қарамастан көлік жүргізген 1194 адам анықталды. Қазір олардың жүргізуші куәліктерін тоқтату жұмыстары жүріп жатыр.

Елімізде бір тәулікте үш орман өрті тіркелді 

Өрт шыққан аумақтарға қажетті күштер мен техника жіберілді.

«Челси» әлде жалға беру: «Бернлиден» кейін Дастан Сәтпаев қайда барады? 

Сарапшы «Бернлидегі» маусымнан кейін Дастан Сәтпаевты не күтетінін айтты.