Қайтарылған активтер қайда жұмсалып жатыр?

Елімізде қайтарылған активтер есебінен 318 млрд теңгеге 400-ден аса әлеуметтік нысан салынып жатыр, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қайтарылатын қаражат Қаржы министрлігінің жанынан құрылған Арнаулы мемлекеттік қорға түседі. 406 жобаның ішінде 9 білім беру нысаны, спорт саласындағы 3 нысан, денсаулық сақтау саласындағы 162 жоба, сумен жабдықтау саласындағы 159 жоба іске асырылып жатыр:

  • Астанада ескі стадионның орнына Қ.Мұңайтпасов атындағы жаңа стадион салынып жатыр.
  • Алматыда қайтарылған қаражат есебінен сумен жабдықтау жүйесін салу бойынша 9 жоба жүзеге асырылып жатыр.
  • Шымкент қаласындағы «Сайрам көмекші мектеп-интернат-колледжі» кешенінің тәрбиеленушілері үшін қайтарылған қаражатқа 300 орындық жатақхана салынады.
  • Шығыс Қазақстан облысында Гематология орталығының құрылысын аяқтауға қаражат бөлінді.
  • Солтүстік Қазақстан облысында өңірді сумен жабдықтауға бағытталған жобалар жүзеге асырылып жатыр.
  • Қарағанды облысында 7 ауданда 51 денсаулық сақтау нысанын салу жоспарланып отыр.
  • Ақмола облысында денсаулық сақтау, сумен жабдықтау және спорт саласында 38 жоба жүзеге асырылып жатыр. 
  • Ақтөбе облысында қайтарылған активтер есебінен жаңа білім беру және денсаулық сақтау нысандары салынады. Өңірде 12 жоба жүзеге асырылып жатыр.
  • Қордан Абай облысында 24 әлеуметтік маңызы бар нысанды жүзеге асыруға қаржы бөлінді.
  • Атырау облысында денсаулық сақтау, білім беру және сумен жабдықтау салаларында бір нысаннан салынады.
  • Жетісу облысында білім беру, денсаулық сақтау және сумен жабдықтау салаларында 22 жобаны жүзеге асыру жоспарланған.
  • Алматы облысында жаңа спорт нысандары, сумен жабдықтау желілері мен медициналық мекемелер салынады.
  • Жамбыл облысында қайтарылған қаражатқа 19 жоба салынады.
  • Батыс Қазақстан облысында жыл соңына дейін 25 жобаны тапсыру жоспарланып отыр.
  • Маңғыстау облысында қайтарылған активтерге 1 денсаулық сақтау нысаны салынады.
  • Қостанай облысында сумен жабдықтау желілері түбегейлі жаңартылады. Сондай-ақ, өңірде денсаулық сақтау және білім беру нысандарын салу жоспарланып отыр.
  • Түркістан облысында қайтарылған активтерге бір білім беру нысанын салу, сондай-ақ, өңір тұрғындарын сумен қамтамасыз ету бойынша 35 жобаны іске асыру жоспарланған.
  • Павлодар және Қызылорда облыстарында сумен жабдықтау желілері мен медициналық мекемелердің құрылысы бойынша жобаларды іске асыру жоспарланып отыр.
  • Ұлытау облысында жаңа білім беру, денсаулық сақтау және сумен жабдықтау нысандары салынады.

Елімізде 870 мың адам баспана күтіп жүр. Биыл қанша үй салынады?

Қазақстанда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың саны 870 мыңға жетті. Бұл туралы құрылыс және өнеркәсіп министрі Ерсайын Нағаспаев үкіметтегі брифиңде айтты.

Қазақстанның АҚШ-қа экспорты күрт өсті 

2026 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2,89 млрд долларға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,4%-ға көп.

Қазақстанда ҰБТ форматы өзгереді: Талапкерлерді қандай жаңалық күтіп тұр 

Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу емтиханының жаңа форматы әзірленіп жатыр. Ол талапкерлердің пәндік білімін ғана емес, сыни ойлауын, цифрлық сауаттылығын, жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын және ақпаратты талдау қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.

Ипотека бағдарламалары. 2027 жылы қалай үй алуға болады?

Қазақстанда 2027 жылы жеңілдігі бар бірнеше ипотека бағдарламасы шығады. Бұлар: «7-20-25», «Наурыз», «Ұмай», өңірлік және әскери ипотека.

Елімізде түнде -8 градусқа дейін аяз болады

4 қарашада Қазақстанның 20 қаласының 18-інде жауын-шашын болмайды. Шымкент...