Қайталама қылмыстың алдын алу жұмыстары жүргізілді

Қайталама қылмыстардың алдын алу мақсатында Жамбыл облысы Т.Рысқұлов аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған, түзеу мекемесінен босатылған және жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған тұлғалармен профилактикалық іс-шара өткізілді. Іс-шараға пробация қызметінің және полиция бөлімінің қызметкерлері мен прокуратура органдарының өкілдері қатысты.
Кездесу барысында сотталған азаматтарға Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптары, бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаларды өтеу тәртібі, сондай-ақ сот жүктеген міндеттерді орындамаған жағдайда туындайтын құқықтық салдарлар жан-жақты түсіндірілді. Қайтадан қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың шартты жазаның күшін жоюға не жазаны неғұрлым қатаң түріне ауыстыруға әкеп соғатыны ерекше атап өтілді.
Прокуратура өкілдері өз сөзінде заң талаптарын қатаң сақтау, сот белгілеген міндеттерді уақтылы және толық орындау, сондай-ақ пробация қызметімен тұрақты байланыста болу – сотталған азаматтардың қоғамға қайта бейімделуінің негізгі шарттары екенін атап өтті. Сонымен қатар мемлекет тарапынан есепте тұрған тұлғаларға әлеуметтік және құқықтық көмек көрсету, оның ішінде жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу және әлеуметтік қолдау шаралары жүзеге асырылып жатқаны айтылды.
Аудан прокуратурасының прокурорлары сотталған азаматтармен жеке профилактикалық әңгімелер жүргізіп, еңбекпен қамту, әлеуметтік бейімделу және заңға бағынатын мінез-құлық қалыптастыру мәселелеріне назар аударды.
Мұндай профилактикалық іс-шаралар қайталама қылмыстардың алдын алуға, сотталған азаматтардың жауапкершілігін арттыруға және пробация қызметі мен прокуратура органдары арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал етеді.
Аталған бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табатын болады.

14 наурыз – Жерге орналастыру, геодезия және картография күні

14 наурызда Қазақстанда жерге орналастыру, геодезия және картография күні...

Қоғам сенімін қалыптастырудағы мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормалары

Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызмет – қоғам мен мемлекет алдындағы...

“Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз” атты спорттық іс-шарасы өткізілді

Талас аудандық прокуратурасының бастауымен “Заң мен Тәртіп” Қауіпсіз...

Сотқа дейінгі татуластыру рәсімдері

Сотқа дейінгі татуластыру – дауды сотқа жеткізбей, тараптардың өзара...

Қоғамдық тәртіпке қарсы әкімшілік құқық бұзушылықтар

Қоғамдық тәртіп – қоғамдағы адамдардың тыныш әрі қауіпсіз өмір...