“Қайрат“ “Реалмен“ өтетін матч билеттеріне қатысты үндеу жасады

«Қайрат» футбол клубы 30 қыркүйекте өтетін «Реал Мадридке» қарсы матч билеттеріне қатысты ресми мәлімдеме жасады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мәлімдемеде әлеуметтік желілерде тараған билет сату немесе брондау туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтыны және жанкүйерлерді жаңылыстыратыны айтылды.

«Билеттер жайлы ресми ақпарат көздері — клубтың ресми сайты мен әлеуметтік желідегі парақшалары ғана. Қазір билеттердің сатылым басталатын күні мен бағасы анықталған жоқ. Жанкүйерлерден өзге хабарландыруларға сенбеуді және ресми емес арналардан билет сатып алмауды сұраймыз», — делінген хабарламада.

Айта кетейік, жақында өткен ЧЛ-дың негізгі кезеңіне шығу үшін «Селтикке» қарсы матч билеттері ойынға бір апта қалғанда сатылымға шықты. Барлық билет бір жарым сағат ішінде сатылып кеткен. Клубтың хабарлауынша, сайтқа 100 мыңнан аса билетке өтінім түскен. «Мадридке» қарсы ойын билеттеріне сұраныс одан да жоғары болуы мүмкін.

Сонымен қатар, «Қайраттың» кейінгі ойынынан кейін Қазақстанның УЕФА рейтингіндегі орны көтерілді. Ал алматылық клуб жанкүйерлері ЧЛ-дағы қарсыластарының, соның ішінде «Реал Мадридтің» әлеуметтік желілерін пікірге толтырды.

Фото: sportilinet.kz

Елімізде 870 мың адам баспана күтіп жүр. Биыл қанша үй салынады?

Қазақстанда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың саны 870 мыңға жетті. Бұл туралы құрылыс және өнеркәсіп министрі Ерсайын Нағаспаев үкіметтегі брифиңде айтты.

Қазақстанның АҚШ-қа экспорты күрт өсті 

2026 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2,89 млрд долларға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,4%-ға көп.

Қазақстанда ҰБТ форматы өзгереді: Талапкерлерді қандай жаңалық күтіп тұр 

Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу емтиханының жаңа форматы әзірленіп жатыр. Ол талапкерлердің пәндік білімін ғана емес, сыни ойлауын, цифрлық сауаттылығын, жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын және ақпаратты талдау қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.

Ипотека бағдарламалары. 2027 жылы қалай үй алуға болады?

Қазақстанда 2027 жылы жеңілдігі бар бірнеше ипотека бағдарламасы шығады. Бұлар: «7-20-25», «Наурыз», «Ұмай», өңірлік және әскери ипотека.

Елімізде түнде -8 градусқа дейін аяз болады

4 қарашада Қазақстанның 20 қаласының 18-інде жауын-шашын болмайды. Шымкент...