Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесінің басты міндеттерінің бірі — тек жазаны орындау ғана емес, сонымен қатар сотталғандарды қоғамға толыққанды оралуға дайындау. Бұл бағыттағы маңызды жұмыстардың бірі — ресоциализация: әлеуметтік байланыстарды қалпына келтіру, жұмысқа орналасуға және психологиялық қолдауға бағытталған кешенді шаралар.
2025 жылғы 19 маусымда Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №21 мекемесінде маңызды оқиға өтті — екі сотталған жазасын өтеп, бостандыққа шықты. Олардың қоғамға бейімделуіне қолдау көрсету мақсатында Семей қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығының көмегімен жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетілді.
Мекеме әкімшілігінің бастамасымен ұйымдастырылған «Қақпа алдындағы кездесу» жобасы бұрынғы сотталғандар үшін жаңа өмірдің символына айналды. Іс-шараға мекеме қызметкерлері, жұмыспен қамту орталығының өкілдері, сондай-ақ әлеуметтік және психологиялық бейімделу мамандары қатысты. Олардың басты мақсаты — бостандыққа шыққан адамды қиындықтармен бетпе-бет қалдырмау.
Мекеменің тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыстар жөніндегі бөлімінің бастығы, әділет подполковнигі Баяхметов Н.Е., бұл тек алғашқы қадам екенін атап өтті:
«Бостандыққа шығу оңай, ал қоғамда өз орныңды тауып, адаспау — әлдеқайда қиын. Сол себепті, біз бостандықтағы өмірге бейімделуге қолдан келгенше көмек көрсетуге тырысамыз. Ең бастысы — қайта қылмысқа бармауына жол бермеу, алғашқы және ең қиын бейімделу кезеңінде қолдау көрсету».
Осындай бастамалар мемлекет тарапынан тек оқшаулау шараларымен шектелмейтінін көрсетеді. Қоғамға бейбіт өмірге оралу үшін кешенді қолдау қажет: заңдық және әлеуметтік көмек, психологтар мен кәсіби бағдар мамандарының қатысуы маңызды рөл атқарады.
«Қақпа алдындағы кездесу» жобасы өз жұмысын жалғастыра бермек. Бұл жоба — жаңа өмір бастауға дайын жандар үшін тірек нүктесі болмақ. Ведомствоаралық ынтымақтастық пен адам тағдырына деген жанашыр көзқарас — бұрынғы сотталғандардың қоғамға сәтті бейімделуінің нақты көмек көрестілді.