Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлік құралын басқаруы-қоғамға қауіпті әрекет

Бүгінгі таңда жол қозғалысы ережелерін сақтау-әрбір азаматтың өмірі мен қауіпсіздігі үшін аса маңызды. Жол-бұл жоғары қауіптілік көзі, ал ондағы тәртіп ең алдымен жүргізушілердің жауапкершілігіне байланысты. Жол көлік апаттарының басым бөлігі жүргізушілердің жауапсыздығы мен заңды талаптарды  елемеуі салдарынан орын алатыны белгілі.  Өкінішке орай, соңғы уақытта тиісті құжаттары немесе көлік басқару құқығы берілмеген тұлғалардың рөлге отыру жағдайлары жиі кездесіп жатады. Мұндай әрекет жай ғана әкімшілік құқық бұзушылық емес,  бұл бүкіл қоғамға төнген үлкен қауіп. Арнайы дайындықтан өтпеген, жол жүру ережелерін толық меңгермеген немесе көлік жүргізуші куәлігінен айырылған адамның көлік жүргізуі қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін.  Қазақстан Республикасының қолданыстаға заңнамасы бойынша көлік құралын басқару құқығы  тек тиісті оқу курстарынан өтіп, емтихан тапсырып, жүргізуші куәлігін алған адамдарға ғана беріледі.  Басқару құқығының жоқтығын біле тұра рөлге отыру-заңды әдейі белден басудың  айқын көрінісі.

Сот тәжірибесінде көлік жүргізу  құқығы жоқ адамның заңсыз әрекеті түрлі қайғылы жағдайларға себеп болған мысалдар аз емес. Кейбір азаматтар әкімшілік айыппұлдан қашып құтылуға болады деп ойлайды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, тиісті құжаттарсыз немесе басқару құқығынсыз көлік құралын тізгіндеген адамдарға қатаң шаралар қарастырылған. Әкімшілік құқық бұзушылық кодекстің тиісті баптарына сәйкес,  басқару құқығы жоқ адамның  көлік құралын жүргізуі айыппұл немесе әкімшілік қамау түріндегі жазаға әкеп соғады. Егер мұндай құқық бұзушылық мас күйінде жасалса, жаза тіпті күшейтіледі.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінде 612-бабында мұндай заң бұзушылықтарға нақты жауапкершілік қарастырылған.  

Біріншіден, егер жүргізушінің өзімен бірге жеке куәлігі немесе көлікке қажетті өзге де құжаттары болмаса  ескерту алу мүмкін немесе бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.

 Екіншіден, көлік құралын басқару құқығы жоқ адамның оны (жүргізіп-үйренуден басқа) басқаруы, сол сияқты тиісті санаттағы көлікті басқару құқығы жоқ жүргізушінің көлік құралын басқаруы жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

       Үшіншіден көлік құралын басқару құқығынан сот шешімімен айырылған жүргізушінің көлік құралын басқаруы елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алынуына негіз болады.

      Егер осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер  жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он бес тәулікке әкімшілік қамақ жазасы қолданылады.

           Төртіншіден  көлік басқару құқығы жоқ адамға  не көлік құралын басқару құқығынан айрылған адамға көлік құралын басқаруға беріп қою да заң бойынша жазаланады. Мұндай жағдайда көлік иесіне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады. Егер әрекет бір жыл ішінде қайталап жасалса жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Тәртіп пен қауіпсіздік-ортақ міндет. Жолдағы қауіпсіздік тек полиция қызметкерлерінің ғана емес,  әрбір азаматтың назарында болуы тиіс. Көлік иелері өз көлігін тиісті құжаты мен құқығы жоқ тұлғаларға ( туыстарына, балаларына, таныстарына) сеніп тапсырмауы керек. Бұл алдағы қайғылы оқиғалардың алдын алудың ең басты шарты.  Қорыта келе жол жүру ережелерін сақтау, көлік құралын жүргізуге жауапкершілікпен қарау әрбір азаматтың заңды әрі азаматтық борышы.

Құжатсыз әрі куәліксіз рөлге отырудан бас тарту арқылы біз өзіміздің де, өзгенің де өмірін сақтап қаламыз.                                                   

Махиза Сәрсембиева, Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты әкімшісінің бас маманы

Таяу Шығыс: Сирияда миллиондаған адам үйлеріне оралды

Сирияда ұзақ жылдарға созылған қақтығыстардан кейін ел тұрғындарының бір...

АҚШ, Қытай және Ресей басшылары маңызды кездесу өткізуге дайындалуда

2026 жылғы 17 қарашадағы маңызды халықаралық жаңалықтардың бірі —...

Сот-заңнамалық реформалар тәуелсіздікті арттырады

Сот төрелігін, сондай-ақ, заңдарды жетілдіру заман талабы. Өйткені, бұлар...

Кәсіби этика сыбайлас жемқорлыққа жол бермейді

Ел Конституциясы адамға бағдарланған мемлекет қағидатына негізделген, сондықтан, мемлекеттік...

Впервые разработан законопроект с помощью ИИ-платформы AI-Quryltai

Проект нового закона «О цифровой и информационной безопасности детей»...