Құстарды тамақтандырғаныңыз үшін айыппұл қарастырылған ба?

Әлеуметтік желілерде аулаларда және саябақтарда құстарды, тиіндерді, қаңғыбас иттер мен мысықтарды тамақтандыру үшін әкімшілік жауапкершілік көзделгені, сондай-ақ көршілердің «полицияға шағымдана алатыны» және содан кейін азаматтарға айыппұл салынатыны туралы ақпарат таралуда. Бұл шындыққа сәйкес келмейді.

Осыған байланысты ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төмендегіні түсіндіреді: Қазақстан Республикасының заңнамасында иесіз жануарларды тамақтандыру фактісінің өзі үшін әкімшілік жауапкершілік көзделмеген.

Таратылып жатқан жарияланымдарда құқықтық ұғымдарды әдейі ауыстыру орын алып отыр. Әкімшілік жауапкершілік тамақтандыру әрекетінің өзі үшін емес, тек нақты іс-әрекеттердің салдары болған жағдайда туындауы мүмкін. Атап айтқанда:

• егер тамақтандырудан кейін тағам қалдықтары қалса;

• егер аулалар, саябақтар, скверлер және өзге де ортақ пайдаланылатын орындар ластанса;

• егер азамат іс жүзінде рұқсат етілмеген қоқыс тастауды жүзеге асырса.

Аталған жағдайларда ҚР ӘҚБтК-нің 432-2-бабы қолданылады және 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға немесе 40 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға әкеп соғады. Қайтадан құқық бұзушылық жасалған жағдайда 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салу немесе 80 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту көзделген.

‼️ Осыған байланысты азаматтарды құқық нормаларын бұрмалайтын ақпаратты таратпауға, эмоционалды пікірлерге ермеуге және тек қолданыстағы заңнама мен уәкілетті мемлекеттік органдардың ресми түсіндірмелері негізінде қорытынды жасауға шақырамыз.

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...