Құрбан айт мерекесінде қазақстандықтар қалай демалады?

2025 жылғы маусымда қосымша демалыс күні бар. 6 маусымда (жұма) Құрбан айт мерекесіне байланысты демалыс болады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді.

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының мәліметіне сәйкес 2025 жылы Құрбан айт мерекесі 6 маусымға сәйкес келеді. Осылайша 6 маусым (жұма) демалыс күні болып есептеледі», – деді министрлік өкілдері.

Сондай-ақ, министрлік 2025 жылғы маусымда басқа демалыс күндерін ауыстыру жоспарланбағанын нақтылады.

Құрбан айт

Маусымда Қазақстанда мұсылмандардың маңызды мерекелерінің бірі Құрбан айт атап өтіледі. Биыл Құрбан айттың бірінші күні 6 маусымға сәйкес келеді. Сондықтан қазақстандықтар үш күн қатарынан демалады:

  • Аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін 6, 7, 8 маусым — демалыс күндері.
  • Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін: 6 маусым — демалыс, 7 маусым — жұмыс күні, 8 маусым — демалыс.

Құрбан айт қандай мереке?

Құрбан айт — мұсылмандардың ең қасиетті мерекесі. Ол ораза айттан кейін 70 күннен соң басталып, 3 күнге созылады. Бұл кезде әрбір мұсылман мүмкіндігі болса құрбан шалады, мал сояды.

Маусымда қанша күн демалыс бар?

Маусымда бес күн жұмыс істейтіндер үшін он күн демалыс бар, ал алты күн жұмыс істейтіндер үшін алты күн демалыс бар.

Қарапайым суық тиюге ұқсайды: Дәрігерлер қауіпті инфекцияның таралып жатқанын айтты 

Инфекциясы бастапқыда суық тиюге ұқсап, кейін ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін.

Елімізде 870 мың адам баспана күтіп жүр. Биыл қанша үй салынады?

Қазақстанда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың саны 870 мыңға жетті. Бұл туралы құрылыс және өнеркәсіп министрі Ерсайын Нағаспаев үкіметтегі брифиңде айтты.

Қазақстанның АҚШ-қа экспорты күрт өсті 

2026 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2,89 млрд долларға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,4%-ға көп.

Қазақстанда ҰБТ форматы өзгереді: Талапкерлерді қандай жаңалық күтіп тұр 

Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу емтиханының жаңа форматы әзірленіп жатыр. Ол талапкерлердің пәндік білімін ғана емес, сыни ойлауын, цифрлық сауаттылығын, жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын және ақпаратты талдау қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.

Ипотека бағдарламалары. 2027 жылы қалай үй алуға болады?

Қазақстанда 2027 жылы жеңілдігі бар бірнеше ипотека бағдарламасы шығады. Бұлар: «7-20-25», «Наурыз», «Ұмай», өңірлік және әскери ипотека.