12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Құқықтық тәртіпті нығайтудың жаңа форматы

Ақмола облысында жүзеге асырылып жатқан «Зиялы қауым» бағдарламасы өткен дәуір құндылықтарын сақтай отырып, құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған тың бастама. Сонымен бірге, қоғамдық санада жауапкершілік пен бірлікті күшейтуге негізделген жаңа серіктестік форматы десек қателеспейміз. Бұл жоба ауыл тұрғындары мен полицияның арасын жалғайтын алтын көпірге айналып, қоғамдағы заң мен тәртіпке деген құрметті жаңа деңгейге көтеріп келеді…

Бағдарлама аясында құрылған қоғамдық кеңестер, облыс əкімдігі мен Ішкі істер министрлігінің үйлестірілген жұмысы құқықтық тəртіптің нығаюына, ауыл-аймақтардың қауіпсіз əрі тыныш мекенге айналуына мүмкіндік беріп отырғанын атап өткен жөн. А қ м о л а о б л ы с ы н д а құқықтық тəртіпті нығайтудың жаңа форматы қоғам тыныштығы мен азаматтардың қауіпсіздігін орнықтыруда өркениетті мемлекеттің ажырамас тірегіне айналғанын атап өткен жөн. Оған дəлел тек заң үстемдігі орнаған елде ғана əділет салтанат құрып, дамудың даңғыл жолы кеңейе түспек. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, «Ұлттық қауіпсіздіктің іргетасы – ішкі тұрақтылық пен қоғамдық келісім» болғанда ғана оң нəтижеге жетпек. Осы мақсатта еліміздің барлық өңірлерінде құқықтық тəртіпті сақтау мен қылмысқа қарсы күрестің жаңа жолдары іздестіріліп келеді. Соның жарқын мысалы – Ақмола облысында жүзеге асырылып жатқан «Зиялы қауым» бағдарламасы. Ауылдан басталған жаңа идеология 2023 жылы өңірде бастау алған бұл бірегей жоба ауыл тұрғындарын құқық қорғау саласына серіктес етіп тартуға бағытталыпты. Аталған бағдарламаның басты мақсаты – қылмыстың алдын алу, заңға бағынатын жəне салауатты қоғам құру, ауылдық жерлерде құқық бұзушылықтардың түп-төркініне үңіліп, оның шешу жолдарын жергілікті жерден табуды көздейді. Бұл ретте учаскелік полиция инспекторларымен біріге жұмыс істеу – ауыл əкімдіктері, ардагерлер, ұстаздар, кəсіпкерлер мен діни көшбасшылардың күнделікті тəжірибесіне айналғанын атап өткен жөн. Бұрын құқық қорғау органдарына тек сырттай үміт артатын ауыл жұрты, енді қауіпсіздікке жауапты ортақ субъект ретінде əрекет ете бастаған. Қоғамдық кеңестер – жаңа əлеуметтік институт Жаңа форматтағы мұндай қоғамдық институттың артықшылығын облыстық полиция департаменті де оң бағалап, жұмыстың біршама ширай түскенін алға тартты. – Бағдарлама шеңберінде əр ауылда беделді азаматтар мен полицияны біріктіретін қоғамдық кеңестер құрылды. Бүгінде Ақмола өңірінде барлығы 138 қоғамдық кеңес құрылып, олардың құрамына 840 адам енген. Бұл – ірі мемлекеттік құрылыммен иық тірестіре жұмыс істей алатын, өз ортасының тыныштығы үшін алаңдайтын азаматтық қоғам өкілдерінің жаңа легі. Мұндай кеңестер – жай ғана жиналыс өткізетін ұйым емес. Олардың көмегімен ауылдағы ішімдікті тыйып, тұрмыстық жанжалдардың алдын алып, жастармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, сондай-ақ полицияның учаскелік инспекторларымен тығыз байланыста көлемді жұмыс жүргізілуде, – дейді Ақмола облысы полиция департаментінің ресми өкілі Гүлнəр Пинчук. Мəселен, бағдарлама жүзеге асырыла бастағаннан бері облыстың 98 ауылында бірде-бір қылмыс тіркелмеген, ал 31 елдімекенде ішімдік ішу деректері мүлдем жойылғанын атап өткен жөн. Бұл – тек бір реттік жетістік емес, ұжымдық жауапкершілік пен жергілікті серіктестіктің нақты жемісі екені сөзсіз. Кеңесшілер институты – əкімдіктер мен халықтың арасын жақындатты Ішкі істер министрлігі жариялаған профилактика жылы аясында Ақмола облысының əкімдігі құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша кешенді жоспар бекітіп, барлық аудандарда қауіпсіздік мəселелері бойынша əкімдердің кеңесшілері лауазымы енгізілген-ді. Бұл кеңесшілер жергілікті жерде құқықтық тəртіпті сақтау, жұртшылықпен жұмыс істеу, профилактикалық шаралар ұйымдастыру бойынша бастамаларды үйлестіруді қолға алған. Нəтижесінде халық пен билік арасындағы байланыс жанданып, мəселені ерте кезеңде шешуге мүмкіндік пайда болған. 2023 жылдан бері Ақмола облысында жалпы құқық бұзушылықтар саны 21,6 пайызға, яғни 2311-ден 1811-ге, жалпы қылмыстар 30,3 пайызға, нақтырақ айтсақ 2050- ден 1428-ге, ауыр қылмыстар 27,5 пайызға азайып, 501-ден 363-ке кемісе, аса ауыр қылмыстар 52,1 пайызға төмендеп, яғни 48-ден 23-ке дейін қысқарған. Сондай-ақ, өңірде бұзақылық əрекеттер – 23,5 пайызға, ұрлық – 30,2 пайыз ға, денсаулыққа ауыр зиян келтіру деректері 23,5 пайызға дейін азайғаны анықталды. Бұл тек құрғақ статистикалық мəліметтер ғана емес, əр санның артында отбасының тыныштығы мен əрбір баланың қауіпсіз балалық шағының кепілі тұрғаны рас. Ұлттық қауіпсіздіктің іргетасы Мемлекетімізге төнетін қауіптер тек сырттан келмейді. Адам саудасы, тұрмыстық зорлық-зомбылық, діни экстремизм, есірткі бизнесі, сыбайлас жемқорлық, браконьерлік секілді ел ішіндегі сын-қатерлерге қарсы тұру үшін жүйелі, кешенді жəне қоғамдық деңгейде күрес жүргізу қажет. Осы тұрғыдан алғанда «Зиялы қауым» – құқықтық мемлекет құру жолындағы жаңа парадигма болмақ. Бұл орайда өңірде пайда болған бұл жоба өзінің өміршеңдігін дəлелдеп те отыр. Сондықтан өзге өңірлерге үлгі болуға əбден лайық. Ақмола облысында қолға алынған «Зиялы қауым» бағдарламасы – құқықтық тəртіпті сақтаудың, қауіпсіз қоғам құрудың, мемлекет пен халық арасындағы сенімді нығайтудың табысты тəжірибесіне айналды. Бұл бастама көрсетіп отырғандай, қоғамдық тəртіп – тек полицияның емес, тұтас ұлттың ортақ мұраты болуы тиіс. Өйткені заңға құрмет – елге құрмет. Ал елге деген құрмет – əр азаматтың жүрегінен басталуы керек…

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, Ақмола облысы

Индекс благополучия детей в Казахстане вырос на 2,5 пункта

По результатам подведения итогов 2024 года в Казахстане зафиксирован...

Еліміздегі Балалардың әл-ауқат индексі 2,5 пунктке артты

2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда Балалардың әл-ауқат индексінің тұрақты...

Рост IT-отрасли и стратегия развития ИИ: как реализуется Послание–2024

В Послании «Справедливый Казахстан: закон и порядок, экономический рост,...

5 Қыркүйек – Қазақстан халқының тілдер күні және Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні

Қазақстан тәуелсіз ел ретінде рухани құндылықтарға айрықша мән беріп...

В Кербулакской районной больнице впервые проведены высокотехнологичные операции для женщин

Кербулакская центральная районная больница сделала значимый шаг в развитии...