Құқық үстемдігі – қоғам тыныштығына кепіл

Қазіргі кезеңде құқық үстемдігін қамтамасыз ету және қоғамдық қауіпсіздікті нығайту мемлекет дамуының негізгі басымдықтарының бірі. Қазақстанда жүргізіліп жатқан құқықтық реформалар азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған жаңа қылмыстық саясаттың қалыптасуына негіз болуда.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жолдауларында құқық үстемдігін қамтамасыз ету, əділетті қоғам құру жəне құқық қорғау жүйе сінің тиімділігін арттыру мəселелеріне ерекше назар аударып келеді. Мемлекет басшысы құқық қорғау органдарының қызметі ең алдымен азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталуы тиіс екенін бірнеше рет атап өтті. Бұл қағидат қазіргі қылмыстық саясаттың басты бағдарларының бірі болып отыр. Қылмыстық құқық қоғамдағы ең маңызды əлеуметтік құндылықтарды қорғауға бағытталған құқықтық тетік ретінде мемлекет қауіпсіздігінің маңызды элементі. Оның негізгі міндеті – қылмыстардың алдын алу, əділетті жаза қолдану жəне құқықтық тəртіпті қамтамасыз ету. Соңғы жылдары Қазақстанда қылмыстық заңнаманы жетілдіру, оны ізгілендіру жəне құқық қолдану тəжірибесін тиімді ету бағытында бірқатар реформалар жүзеге асырылды. Бұл реформалардың мақсаты – қылмыстық жауаптылықтың əділеттілігін қамтамасыз ету, жазалау мен алдын алу шаралары арасындағы тепе-теңдікті сақтау, сондай-ақ құқық қорғау органдары қызметінің ашықтығын арттыру. Сонымен қатар цифрлық трансформация дəуірінде қылмыстық құқық алдында жаңа міндеттер туындауда. Ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы киберқылмыс, дербес деректердің қауіпсіздігі, цифрлық дəлелдемелерді пайдалану сияқты жаңа құқықтық мəселелерді алға шығарды. Мемлекет басшысы өз жолдауларында цифрландыру процесі құқықтық реттеудің жаңа тəсілдерін талап ететінін атап өтті. Сондықтан қазіргі қылмыстық саясат цифрлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мəселелерімен тығыз байланысты. Бұл тұрғыда құқықтық ғылымның рөлі ерекше. Ғылыми қауымдастық құқықтық реформалардың теориялық негіздерін əзірлеуге, заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар жасауға жəне құқық қолдану тəжірибесін талдауға белсенді қатысуы тиіс. Университеттердің заң факультеттері болашақ заңгерлерді даярлау арқылы құқықтық мəдениетті қалыптастыруда маңызды миссия атқарады. Бүгінде құқықтық білім беру тек теориялық дайындықпен шектелмей, практикалық дағдыларды дамытуға, құқықтық жауапкершілікті сезінетін кəсіби мамандарды қалыптастыруға бағытталуда. Қорытындылай келе, қазіргі кезеңдегі қылмыстық саясаттың басты мақсаты – қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен азаматтардың құқықтарын қорғау арасындағы тепе-теңдікті сақтау. Бұл міндетті жүзеге асыру құқықтық реформаларды жүйелі түрде жүргізуді, құқықтық мəдениетті арттыруды жəне құқық қорғау жүйесінің тиімділігін нығайтуды талап етеді.

Дина БҰҒЫБАЙ, Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар жəне инжиниринг университетінің, Құқық жəне халықаралық қатынастар факультетінің деканы, қауымдастырылған профессор, з.ғ.к

Қазыбек Иса: Теріс діни ағымдарға заңмен тыйым салатын уақыт келді

«Ақ жол» партиясы фракциясының мүшесі Қазыбек Исаның Бас прокурор...

Жаңа технология отандық сотты жаңа биікке жетелейді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды Цифрландыру және жасанды...

​ҒЫЛЫМҒА СЕРПІН БЕРГЕН ОНКҮНДІК

2026 жылы 1 сәуірде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық...

Когда справедливость требует времени

Вопрос справедливости судебного решения редко заканчивается на первой или...

Апостильдің маңыздылығы

Апостиль – елдер аумағында ұсынуға арналған құжаттың заңдылығы туралы...