12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Құқық бұзушылықтың алдын алу барысы түсінедірілді

Жуырда Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД қарасты Түркістан қалалық пробация қызметі мен қалалық прокуратураның прокурорының қатысуымен Түркістан қалалық пробация қызметінде тіркеуде тұрған сотталғандарға құқық бұзушылықтардың алдын алу түсіндірілді.

Аталған жиынға он бес сотталған қатысып, қала прокурорына көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тұщымды жауап алды. Аталған іс-шара пробация қызметінде есепте тұрғандармен құқық бұзушылықты алдын алу мақсатында өткізілді. Сонымен қатар, прокурорлар пробация қызметінде есепте тұрғандарға пробациялық бақылауды бұзған жағдайда (сот жүктеген міндеттерді орындамағанда, қайталап қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық жасағанда, пробация қызметіне келмегенде және т.б.), сотпен тағайындалған жаза неғұрлым ауыр жазаға ауыстырылатынын ескертті.

Қазіргі таңда Түркістан қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған тұлғалар тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтар мен қайта қылмыстың алдын алу бойынша пробация қызметі мен қалалық прокуратура өзара іс-қимылдарының тиімділігін арттыру мақсатында, ПҚБ есебінде тұрған сотталғандар жағынан қайта қылмыстар мен құқық бузушылықтың алдын-алу мақсатында бірлесіп бірқатар жұмыстар өткізуде.

Іс-шараның мақсаты – қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаға сотталған тұлғалардың тарапынан жасалуы мүмкін болатын қайта құқық бұзушылықтар мен қылмыстар жасаудың алдын-алу, жолын кесу болып табылады. Пробация қызметінің қызметкерлері прокуратура қызметкерлерімен бірлесе отырып, тіркеудегі сотталған тұлғаларды тексеру кезінде мекен-жайыдан, аудан тұрғындары демалатын ойын-сауық кешендері бойынша кешкі және түнгі уақытта жүрмеуі де қатаң ескертілді. Өткізілген іс-шаралар барысында аталған тұлғалар арасында жазасын өтеуден бас тарту немесе басқа да бұзушылықтар анықталған жағдайда Түркістан қалалық пробация қызметі сот органдарына сотталған тұлғаларға қатысты жазасын өтеудегі сынақ мерзімін ұзарту немесе қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазасын бас бостандығын айыру жазасына ауыстыру жайлы ұсыныстар енгізеті де айтылды.

Сотталғандармен толық тұрғыда әңгімелесу жүргізіліп, жазасын өтеу тәртіптері мен сотпен анықталған міндеттер және оларды бұзудың салдары қосымша түсіндірілді, — деді Түркістан қалалық пробация қызметі бөлімінің инспекторы әділет лейтенанты Арсыланбек Бесенеев.

Әдеп кодексінің талаптарын сақтау міндет

Сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекеттік қызметшілерге қатаң талап пен жауапкершілік жүктейді. Мемлекеттік қызметкерлердің әдеп кодексінің талаптарын, сондай-ақ, заңмен белгіленген...

Самый ценный ресурс – здоровье граждан

Парк службы скорой медицинской помощи г. Шымкента пополнился 30...

Личное поручительство в уголовном процессе

В целях обеспечения необходимых условий для успешного расследования и...

Искусственный интеллект и право

ИСКУССТВЕННЫЙ ИНТЕЛЛЕКТ АКТИВНО ВНЕДРЯЕТСЯ В РАЗЛИЧНЫЕ СФЕРЫ ЧЕЛОВЕЧЕСКОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ,...

Еріктілер кеңесі мүшелері ауладағы қар тазалау акциясына қатысты

«Еріктілер кеңесі» — Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің ұйымдастыруымен құрылған...