«Құмалақпен айтатын білгіш емеспін». Мэлс Елеусізов 12 балдық жер сілкінісі туралы

Саясаткер, эколог Мэлс Елеусізов ASSYLTAS YouTube-арнасына берген сұхбатында Алматыда болған жер сілкінісі туралы айтты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Экологтың айтуынша, бір кездері Алматыда 3 және 5 қабаттық үйлерге ғана рұқсат берілген.

«Бізді Жаратылыс сақтады. Бұдан қатты болса, көп қырғын болатын еді. Алматы өте соған лайықты болып тұр қазір. Салынған үйлердің сапасы жоқ. Пайдаланылған материалдарды қолданған. Ташкентскийдің бойында арырақ тұрған үйлерде адамдар ішіне кірген жоқ, құлап бара жатыр. Ешқандай зерттеу жоқ. Қазір кішкентай бос жер болса міндетті түрде үй салады. Кеңес одағы кезінде ондай болған жоқ. Алдымен бізде 3 қабат болатын. Одан кейін беске дейін көтерді. Салған үйлердің арасы кең болатын. Қазір халық шыға алмайды. Осындай кезде осындай құрылыс халықты қыру үшін жасалған. Алматыны толтырудың қандай қажеті болды?! Кеңес одағы кезінде Ғылым академиясы зерттеу жасаған. Сонда олар «экологиялық сыйымдылық 700 мың ғана болуы керек» деді. Ал қазір шамамен 3 миллион», — дейді Елеусізов.

Мэлс Елеусізов Тәуелсіздік жылдарынан бері мұндай жер сілкінісі болмағанын айтады.

«Болған жоқ (соңғы жылдары жер сілкінісі — еск.). Енді қазір одан әрі болуға мүмкіншілігі бар. Бұрын алыста кішкентай жер сілкіністері болатын. Қазір жақындап келе жатыр. Қирай бастайды (6-7 балл кезінде — еск.)», — дейді ол.

Сонымен қатар, «12 балдық жер сілкінісі болады» деген мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді.

«Қайта жақсы болды, одан жоғары болса, өте жаман болатын еді. Оның бәрі белгілі зат қой. Мен өзім тауып отырған жоқпын. Құмалақпен айтатын білгіш емеспін. Бізде үш рет болды. 1887 жылы, 1911, 1921. Үшеуі де қатты болды. Ағаштан жасалған кішкентай-кішкентай үйлер ғой — бәрі қирап қалды. Панфиловтағы шіркеу ғана сақталды. 100 жыл сайын қайталап келіп тұр. Уақытынан асып кетті (қазір — еск.)», — дейді ол.

Санжар Боқаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Алматының Алмалы аудандық сотында қоғам белсендісі Санжар Боқаевқа қатысты үкім жарияланды.

Рұқсат пен тыйым. Бас прокуратура депутаттарды сайлау алдында үндеу жариялады

Қазақстанда 29 қарашада мәслихат депутаттарын сайлау өтеді. ҚР бас прокурорының орынбасары Ерлан Өтегенов сайлау алдында үндеу жариялады. Ол үгіт жүргізуге тыйым салынған кезеңде үгіт-насихат жасауға болмайтынын ескерті.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Елде кітапхана салуға көбірек көңіл бөлу керек 

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елде кітапханалар санын көбейту қажеттігін айтты. Мемлекет басшысы Мәскеуде өткен AI Journey 2026 конференциясында оқушылар мен студенттер алдында сөйлеген сөзінде кітап оқу мәдениетіне ерекше көңіл бөлу керектігін жеткізді.

Желтоқсан айында елімізде не қымбаттайды? 

Желтоқсан айында қазақстандықтарды бірқатар баға өзгерісі күтіп тұр. Tele2 және Altel кейбір тарифтерінің абоненттік төлемін 300 теңгеден 2 000 теңгеге дейін көтереді. СДЭК жеткізу қызметінің бағасын өзгертеді, ал Freedom Bank биржалық ноталарды сатып алу комиссиясын арттырады. Астанада қоғамдық көліктегі жолақы 110 теңгеден 150 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін.

Таяу Шығыстағы шиеленіс мұнай бағасын шарықтатты: Brent $100-ға жақындады 

Brent маркалы мұнай бағасы 27 қараша, жұма күні соңғы бір айдағы ең жоғары көрсеткішке жақын деңгейде саудаланып жатыр. Бұған Таяу Шығыстағы қақтығыстың шиеленісуі, Ормуз бұғазында танкерлерге жасалған шабуылдар және Сауд Арабиясының энергетикалық нысандарына соққы жасалуы себеп болған.