12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Қылмыскер құтылмады

Мезгіл мамыр айның соңы, уақыт таңертеңгі сағат сегіз жарымның шамасы болатын. Көктем күш алып, жер-ана ерекше бір мамыражай күйге енген шақ. Күннің ұясынан көтерілгеніне онша көп уақыт өтпесе де аспан шайдай ашық. Айнала масаты кілемдей құлпырып , енді- енді бүр жара бастаған қырмызы гүлдер көз жауын алады. Азаттық көшесіндегі тал-теректерге таласа-тармаса отырып алған бозторғайлар жарыса ән салып, айналаны құлақ құрышын қандырар әсем әуенге бөлеуде.

Атырау қалалық полиция департаменті қылмысты іздестіру бөлімінің басшысы Ербол Жолдыбаевтың кабинетіне кіргені сол еді стол үстіндегі ішкі байланыс телефоны шылдырлап қоя берді. «Таң атпай бұл кім болды екен?» деп трубканы көтерген, департамент басшысының хатшысы Уәзипа Сәрсенбай қызы екен.

— Жолдас Капитан! Сізді полковник Бауыржан Смағұлов бөлім қызметкерлерімен түгелдей жедел бас қосуға шақырып жатыр-деп хабарлады. «Әлбетте бірінші басшы бұлай бәрін бірдей шақыра бермейтін. Шамасы ,бүгінгі бас қосуда әлі күнге дейін ұстатпай жүрген қылмыскерге қатысты мәселе қаралатын болды-ау», -деп ой түйді де, тәуліктік қылмыстық ақпараттарды папкасына салып, бөлім қызметкерлерімен бірге полковник Б.Смағұловтың кабинетіне кірді. Олардан бөлек облыстық басқарманың екі қызметкері шақырылыпты. Бәрінің жүзінде алаңдаушылық бар. Департамент басшысының не туралы әңгіме қозғайтынын қай-қайсысы да сезіп отырған сыңайлы. Қысқаша амандық- саулықтан соң Б.Смағұлов: Өздеріңізде біліп отырған боларсыздар, жағдайымыз онша мәз емес. «Онша мәз емес деу» бер жағы, тіпті нашар десек те болады. Міне, бүгін тағы бір қыз баланы буындырып өлтіріпті. Онымен қоймай, тонап, айуандықпен жыныстық қатынас жасаған. Осымен айдың күні аманда бесінші адам өмірімен қоштасып отыр. Бұл тек соңғы екі айдың қорытындысы. Бүкіл республика бойынша осыншама адам өліміне басқа еш облыста жол берілмеген. Енді ел-жұртқа не айтамыз?! Бала-шағамыздың бетіне қалай қараймыз.
Тергеу бөлімінің бастығы орыныңыздан тұрыңыз-деді қабағын қатулата- жолдас капитан екі ай болды ғой, сізге тапсырма бергеніме. Әлі күнге дейін бір ілік жоқ.Қылмыскер ештеңе болмағандай, бостандықта сайрандап жүр. Егер жұмысымыз осы бағытпен жалғаса берсе жоғары жақтағылар ешқайсысымызды басымыздан сипамайды. Тек қана мен емес, осы отырғандардың біразы қызметтеріңізден айырыласыздар. Қорқытып,үркітпеймін, қазіргі талап солай. Ербол Жолдыбаев сіз және бүкіл бөлім қызметкерлері қалған он күннің ішінде қылмыскерді жердің астына кіріп кетсе де қалайда құрықтайсыздар, не болмаса иықтағы погондарыңмен қоштасасыздар-деп, ендігі жерде ұзын арқан, кең тұсауға жол бермейтінін ескертті.
-Жолдас полковник! Барлық мүмкіндікті пайдаланудамыз-деді капитан-Е.Жолдыбаев, әдеттегідей сабырлы қалпын сақтап.- Кісі өлтіруші жауыздық мақсатын жүзеге асыру үшін түрлі ұялы телефондарды пайдаланып, соңынан олардың көзін жойып отырған. СИМ карталары да табылмады. Оқиға орынында не саусақ таңбасын, не басқа да бұлтартпас айғақты заттарды қалдырмаған…
-Сонда ол адам ба, жоқ, әлде шайтан ба?-деп полковник Ерболдың сөзін бөліп жіберді.- Әлі де барлық мүмкіндікті пайдаланып, дұрыстап іздестіріңдер. Мүмкін ол біздің қаланың тұрғыны болмас. Өйткені мұндай оқиға бұрын-соңды Атырауда орын алған жоқ. Ізін жасыру үшін ендігі басқа жаққа кетіп те қалған да шығар. Онда бүгінгі күнге дейінгі бүкіл еңбегіміз еш болады. Қалай болғанда да оның қылмыстық жауапкершіліктен сытылып кетпеуіне жол бермеуіміз керек. Қандай көмек керек, айтыңыз,бәрін жасаймыз.

Жолдас полковник! Барлық деректерді жинастыра келе мынандай тұжырымға келдік. Қылмыскердің құрбандарының бір бөлігі қалада пәтер жалдап күн көретін жалғыз бастылар, екінші бір бөлігі жеңіл жүріс арқылы табыс тауып жүрген қыз-келіншектер. Олардың барлығы әуелі пәтерлерінде зорланып, артынан буындырып өлтірілген. Ақша, сырға—сақиналары тоналып, ұялы телефондары қоқыс салатын жәшіктерге лақтырылып тасталған. Өкінішке орай СИМ карталары табылмады.Сол айналадан бірнеше бәтеңке бауын тауып алдық. Шамасы жемтіктерін сонымен тұншықтырған сияқты…

-Капитан! Сөзіңіздің жаны бар. Енді осы бағыттан таймай, із кесуді одан әрі жалғастырыңдар. Ең бірінші кезекте қаладағы пәтер жалдайтындар мен басы бос жеңіл жүрісті қыз-келіншектер тізімдеп, солармен байланыс орнатыңдар. Барлығын есепке алыңыздар. Қажет дегендерінің телефондарын жасырын тыңдауға қойыңыздар. Прокуратурадан өзім рұқсат алып беремін. Алда-жалда күдікті, күманды адамдар оларға телефон шалса сіздермен міндетті түрде хабарласулары керектігін, әйтпесе өмірлеріне қауіп төнетінін естеріне салыңыздар. Төтенше жағдай туындаса жедел менімен байланысып, іс-әрекеттеріңіз туралы мәлімет беріп отырыңыздар. Осымен жиналысымыз бітті-деп департамент басшысы орынынан көтерілді.
Кабинеттеріне қайтып оралғаннан кейін капитан Е.Жолдыбаев қарамағындағылардың әрқайсысына бөлек-бөлек тапсырма берді:

  • Аға лейтенент О.Зұлқарнаев сіз «Люция» базарын бақылауға алыңыз. Лейтенент С.Көптілеуов қасыңызға екі қызметкерді ілестіріп «Рахат» сауда орталығынан көз жазбаңыздар, ал лейтенант К.Мыржықбаев және аға сержант Т.Өтепбергенов сіздер «Көктем», базарында болып полковниктің жаңағы айтқан тапсырмаларын бұлжытпай орындайсыздар. Ескертемін, күдік тудыратын, кез-келген уақ-түйек деген нәрселердің барлығын назардан қағыс қалдыруға болмайды. Енді шегінетін, істі созбалаңға салатын уақытымыз жоқ.Өлейік, тірілейік осы аптада қалайда қылмыскерді ұстауымыз керек.-деп шегеледі. Өзі біраз ойланып барып қылмыс әлеміндегі жасырын жансыздарын бөлек-белек арнайы пәтерлерге шақырып, олардың әрқайсысына ерекше тапсырмалар берді. Әсіресе сырттан келген күдіктілердің ізіне түсіп, бақылауға алу керектігін тапсырды.
    Екінші күні лейтенант С. Көптілеуов хабарласты. «Люция» базарындағы жесір келіншекке тәуліктік жалдайтын пәтер керек деп бір жігіт телефон шалып, екі сағаттан кейін келетінін айтқан екен, әлденеден күдіктенді ме, айтқан уақытында хабарласпай қойыпты. Қайыра телефон соқса, жауап бермеген. «Жә, ештеңе етпес. Дегенмен үркітіп алмалық.Өте сақ болыңыздар.Бүкіл құқық қорғау органдары қызметкерлерінің өзін іздестіріп жатқанын ол да жақсы біледі. Сондықтан да әр қадамын есеппен басып, күдік туғызарлық әрекетке бармайды»деді. Үшінші күні де ешқандай өзгеріс болған жоқ. Тек төртінші күні барып аға лейтенант О.Зұлқарнаевтан хабар түсті. «Рахат» сауда орталығындағы Еңлік есімді келіншекке белгісіз ер адамның тәуліктік жалдауға үйін сұрап, пәтер ақысын қымбат төлейтінін, бүгін кешке баратынын айтыпты. Сенімді болуы үшін алдын ала жарты ақшасын төлеп қойған. «Соған қарағанда біздің іздестіріп жүрген адамымыз осы болмасын» деген күдігін айтты.
    Аға лейтенант оперативтік жоспар бойынша келіншектің үйіне көзге түспейтін жерге бейне камера, жасырын тыңдағыш құрылғы орнатқанын, сыртқы есіктің қосымша кілтін жасатқанын жеткізді. Капитан тағы да төрт қызметкерді іске қосып, оларға елеусіз түрде үйді сырттан қатаң бақылауға алуды тапсырды. Қылмыскердің терезеден секіріп кету мүмкіндігін ескеріп, біріне маскүнемнің, екіншісіне жұмыссыз жүрген қаңғыбастың киімін киіндіріп терезелердің тұсына отырғызды.
    Уәделескендей, сағат дәл бесте Еңліктен «клиент келді» дегенді білдіретін арнайы хабар түскесін бейне камера мен тыңдағыш құрылғы іске қосылды. Үйдің қарсы бетіндегі жеңіл машинаға орналасқан бейне жазу-тыңдау құралдары арқылы Е.Жолдыбаев басқарған орперативтік қызметкерлер ендігі оқиғаны өз көздерімен көре бастады:
    -Сәлематсыз ба?-деп амандасты , есіктен енген сұңғақ бойлы , қараторы жігіт- Менің есімім Жұмабек. Мана таңертеңгісін сізбен хабарластым ғой. Үйіңіз де , өзіңіз де ұнап қалдыңыз-деді әзіл-шыны аралас, жан-жағына барлай қарап.
    –Қойыңызшы ,- деп қылымси жауап қатты Еңлік.-Ең бастысы Сізге үйім ұнаса болды. Маған кеш қалдыңыз. Басым бос емес.Жақында тұрмысқа шығамын.Уәделескен жігітім бар деп, мама қаздай ырғала басып Жұмабекке қонақ бөлмені көрсете бастады.
  • Тамаша, өте тамаша!Телевизор, телефон бәрі істеп тұр екен. Бөлмелер кең де жарық . Кітаптар , газет-жорналдар, бейне кассеталар да жеткілікті . Көп пәтерлерде мұндай нәрселер атымен жоқ. Енді жуынатын бөлмені көруге болады ма?
    -Неге болмасын. Жүріңіз-деп, Еңлік алға түсті. -Мына жерде кір жуғыш машина бар. Қажетті сабын, ұнтақтар жанындағы қорапта тұр. Аяқ киімдеріңізді тазалайтын щеткалар да соның қасында.Киім ілгіштер, сыртқа киетін жамылға қарсыдағы шкафта. Қосымша тағы қандай нәрселер керек ?–деп бұрыла бергенде мойынына қыл бұрауды салмаққа төніп келе жатқан қонағын көріп «Мама! Құтқарыңдар!» деп бар дауысымен шыңғыра айқайлады. Үй иесінің жанұшыра, шырылдаған үнін естіп оперативтік қызметкерлер үйге кірмек болып еді болып еді, есік ашылмады. Жұмабек есікті іштен бекітіп, сырттан ашылмасын деп ашқышты әдейі кілттің ауызында қалдырыпты. Бар күштерін салып итеріп, тепкілегенге темір есік бой берер емес. Осыны білгендей арнайы алып шыққан кувалдамен бірнеше дүркін соққанда барып есіктің топсасы қопарылып түсті. Ауызғы бөлмеден әйел адамның қиналып, ыңырсыған дауысы естіледі. Оқиғаның бұлай өріс аларын күтпеген қылмыскер терезеге қарай қашпақ болып еді, жартылай шешілген шалбарының балағына сүрініп кетті. Сол сәтте келіп жеткен аға лейтенант Жұмабекті іштен теуіп құлатты. Оның да жаны сірі екен, бар күшін салып оқиға орынынан сытылып кетпекке қайтадан ұмтыла бергенде өкпе тұсынан тиген екінші соққы мүлдем есеңгіретіп жіберді. Сол күйінде есін жиғызбастан қолына темір кісенді салынды. Бұл кезде қасындағы серігі ессіз-түссіз жатқан Еңлікті сүйемелдеп тұрғызып, ауызына су тамызды. Өмір мен өлім беттескен сәтте ажалдан аман қалғанына енді ғана көзі жеткен зардап шегуші «Рахмет, сіздерге!»- деп жанарын жас жуып,қайтадан талықсып кетті.
    Көп кешікпей «жедел жәрдем» машинасы келіп Еңліктіі ауруханаға, Жұмабекті оперативтік машинаға салып ішкі істер бөліміне алып кетті.
    Сол күні Атырау қаласының барлық бұқаралық ақпарат құралдары қыз-келіншектерді тонап, зорлап, буындырып өлтірген аса қауіпті қызметкердің ұсталғанын жарыса жазып, хабарлап жатты. Бұрын полиция қызмткерлерін ұр да жық, дөрекі күш иелері деп келген блогерлер мен жекелеген журналистер енді тәртіп сақшыларының қала тұрғындарының тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі ерлікке толы жанқиярлық істері туралы басқаша қырынан жаза бастады.
    Ертесіне Атырау облыстық ішкі істер басқармасы басшысының ұсынысымен аса ауыр қылмыскерді ұстауда бастарын бәйгеге тіккен қалалық қылмыстық іздестіру бөлімінің бір топ қызметкерлерінің шендері жоғарылап, ақшалай-заттай сыйлықпен марапатталды.
    Арада екі жұма өткеннен кейін Атырау қалалық қылмыстық сотының үкімімен Жұмабек Олжабаев бес адамды өлтіріп , тонағаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі 99 бабының 2 тармағымен, 120 бабының 2 тармағымен кінәлі деп танылып, оған өмір бойға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сөйтіп талайды қан қақсатқан қатыгез қылмыскер өмірінің ендігі қалған бөлігін аса ауыр қылмыс жасағандарға арналған қатаң колоннияда өткізетін болды.

Боранбай ҒАЛИЕВ

Риэлторы

Эта драматическая история произошла осенью в начале 2000-х. Группа...

САБЫР ИЗ «УБОЙНОГО»

ВЫСТРЕЛ У ПОДЪЕЗДА Время на панели автомобиля высвечивало 05.10,...

Үкілі кер

Үш күн өтсе де, Нұржан үйіне оралмады. Ат та...

СОВЕСТЬ

Начинался новый ХХІ век. Стояла морозная снежная зима, последние...

Екі әріптің әлегі немесе опердың опасыз операциясы

Жұман бүгін ұйқысынан көңілсіз оянды. О бастан далада туып,...