12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы жасөспірімдерді нашақорлық мәселесі жайлы спектакль көруге шақырды

Көрермендер студенттер мен жоғары сынып оқушылары болды. Олар Нартай Бекежанов атындағы драма театрының қойылымындағы «Нашақордың өмірі жайлы новелла» трагедиясын тамашалады.
Спектакль он жыл бойы көрсетіліп келеді, дегенмен көрсетілген қойылым үлкен сұранысқа ие болғандықтан, жаңартылған, спектакльдің бұрынғы атау «Қандыөзек» болған.
Қойылымда біздің заманымыздың ауыр тақырыбы көтерілген. «Нашақордың өмірі жайлы новелла» жастардың нақты тағдырына негізделген. Спектакльде орын алған трагедия ескерту болып табылады.
Мұның бәрі әкесі мен анасының қалыңдықты таныстыруға әкелген ұлымен кездесу көрінісінен басталады. Бірақ кенеттен жігітке қоңырау шалады, оның «достары» оған қарыз ақшаны әкелуін талап етеді. Алайда, «достар»нашақор болып шығады және ол есірткі притонына түседі, онда оны «инеге» отырғызады. Пьеса кейіпкерін есірткіні сол бірінші рет қабылдағаны, өмірдің түбіне апарады және ол құлдыраған нашақорға айналады. Араңдатушы — есірткі сатушы әйел, жігіт кейіннен осы әйелмен тегін доза мен тамағы үшін бірге тұрады. Алайда, есірткі сатушы әйелдің өз мақсаттары бар: ол ата-анасының пәтері мен көлігін өз атына аударуды талап етеді және оның жоспары сәтсіз болғанын білгенде, жігітті қуып шығады. Ата-анасы қайтыс болады, ол түрмеге түседі. Түрмеден шыққаннан кейін өзінің бұрынғы қалыңдығымен кездеседі және оның сегіз жасар ұлы бар екенін біледі.
Қойылым хеппи-эндпен аяқталады. Қалыңдық оны кешіреді, ол адам болып, онымен және ұлымен бірге болуға уәде береді.
Спектакль аяқталды, көрермендер әртістерге ұзақ қошемет көрсетіп, естелік суретке түсті. Көптеген жасөспірімдер залдан ойлы шықты. Олар өмір түбіне қалай бір сәтте түсіп кетуге болатынын көрді.
Іс-шара «Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне» орайластырылған айлық аясында өткізілді.

Халықаралық құқықтық көмек көрсету қызметі бойынша

Халықаралық ұйымдардың актілері, мемлекетаралық және үкіметаралық шарттар және Қазақстан...

№21 мекемеде Тәуелсіздік күніне арналған тәрбиелік іс-шара өтті

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай №21 мекемеде сотталғандар арасында...

МВД обратилось к участникам дорожного движения

В связи с празднованием Дня Независимости Республики Казахстан многие...

ІІМ жол қозғалысына қатысушыларға үндеу жасады

ІІМ жол қозғалысына қатысушыларға үндеу жасады, — деп хабарлайды...

Мемлекеттік тіл – тұрақтылық кепілі

Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру бүгінгі күннің ең өзекті мәселелерінің бірі....