Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті қызметкерлері жалпыұлттық диктантқа қатысты

2023 жылғы 4 мамырда «Еркін ел ұрпағы» жалпыұлттық патриоттық диктантын өткізу уақыты деп белгіленді. Осыған орай, Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті №60 мекемесінің қызметкерлері диктант жазуға қатысты. Жалпыұлттық диктант – еліміздің әр азаматына өзінің білімі мен сауаттылық деңгейін тексеруге берілген мүмкіндік. Қатысуға ниет білдірген қызметкерлер бәсекеге қабілетті ел болудың бір шарты болып отырған заманда мұндай сынақтарды өткізудің пайдасы зор екенін атап көрсетті. Диктанттың маңызды ерекшеліктерінің бірі – оған ерікті қызметкерлердің белсенді түрде қатысуы болды.

Диктант жазу — қызметкерлердің сауаттылығын арттырып қана қоймай, патриоттық рухын да оятады. Бұл жалпыұлттық диктантқа қатысудағы басты мақсат – мемлекеттік қызметкерлер бойындағы патриоттық сезімді ояту және алдағы мамыр мерекелері мен Жеңіс күнінің мән-маңызын түсіндіру. Қызметкерлер жалпыұлттық диктант жазуға қатысу барысында тәуелсіздіктің бізге оңайлықпен келмегенін ұғынып, ата — бабаларымыздың киелі жеріміз бен болашақ ұрпақтың бостандығы үшін аянбай күрескенін тағы бір еске түсіріп, алдағы уақытта елді дамыту жолында аянбай еңбек етеді деген сенімдеміз, – деді мекеме бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары әділет подполковнигі Ускенбаев Алтынбек.

Адина Ұзақбай
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Әлімжеттіктің түрлері және алдын алу жолдары

2026 жылдың наурыз айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультетінде...

Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр

Елорда коммуналдық қызметі қыс мезгілінен кейін қаланы ауқымды санитарлық...

Верность профессии

В сфере здравоохранения ценны не только профессионализм, но и...

Локализация и ее преимущества 

Делегация Казахстана посетила ряд ведущих европейских предприятий, специализирующихся на...

Патриотами не рождаются, патриотами становятся 

Воспитание подрастающего поколения в духе патриотизма и духовных ценностей...