Қызылорда облысында үш айда бес мыңға жуық нәресте дүниеге келген

Қызылорда облысы туу көрсеткішімен республика бойынша 5-ші орында. Жыл басынан бері облыста 4 777 нәресте дүниеге келген. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Олжас Искаков айтты.
Сыр медицинасының дамуы нәтижесінде жалпы өлім-жітім көрсеткіші 1000 тұрғынға шаққанда 1,2-ні құрап, өткен жылмен салыстырғанда 7,6%-ға төмендеген.

Туберкулезден болатын өлім-жітім көрсеткіші 3 айда өткен жылмен салыстырғанда 66,6%-ға, ал қатерлі ісіктерден болатын өлім жітім 6,4%-ға төмендеген.

– Қуантарлығы, ағымдағы жылдың 3 айында ана өлімі жағдайы тіркелмеді. Сәби өлімі былтырғы жылмен салыстырғанда 47% төмендеген. Ана мен бала өлім көрсеткіші – өңіріміздегі денсаулық сақтау жүйесінің даму деңгейінің басты көрсеткіштерінің бірі. Сол себепті өлім-жітім көрсеткіштерінің төмендеуі – саланың өркендеуі, мамандарымыздың нәтижелі жұмысы деп білеміз. Бұл бағыттағы жұмыстар асқан жауапкершілікпен атқарылуда, – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Олжас Искаков.

Гүлбану МАҚАЖАН
Қызылорда облысы

           Сот төрелігінің өзекті тақырыбы бойынша тарихқа үңілсек…

         «Қазақ даласындағы сот билігінің мұраты – сот процесіне қатысушылардың...

Ғылымдағы бірлік: ҚазҰУ түркі мемлекеттерімен әріптестікті нығайтпақ

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне арнайы келген Өзбекстан, Моңғолия,...

Патриот, ученый, учитель

(к 99-летию со дня рождения академика Султана Сартаева)  15 октября...

Пуля и Геля спасают жизни 

25 ЛЕТ РУКОВОДИТЕЛЬ КИНОЛОГИЧЕСКОГО ОТДЕЛЕНИЯ ОПЕРАТИВНО-СПАСАТЕЛЬНОГО ОТРЯДА ДЕПАРТАМЕНТА ПО...

Эффект NPC: Как видеоигры меняют сознание убийц

В 2025 ГОДУ В ШКОЛЕ БАНДАРУТАМА (МАЛАЙЗИЯ) 15-ЛЕТНИЙ ПОДРОСТОК...