Қызылордада сотталғандар үшін алғашқы қоңырау соғылды

Бүгін Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД қарасты №37 мекемесінің 13 сотталғанға алғашқы қоңырау соғылды. Оқу сыныптарының бірінде өткен салтанатты жиын білім күніне арналған шарамен басталды. Мекеме басшылығы мен оқытушылар сотталғандарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. – Сапалы білім алу – сотталғандарды түзеу жолындағы іргелі негіз. Мекемелерге келген сотталғандар оқи және жаза алмайтын жағдайлар жиі кездеседі. Кейін олар құжаттарды толтыруда, хаттар жазуда және т.б. қиындықтарға тап болады. Біз сотталғандарға болашақта мамандығы бойынша әрі қарай оқуын жалғастырып, жұмыс істей бастауы үшін барлық қажетті білім беруге тырысамыз, – дейді мекеме оқытушыларының бірі. Қазіргі уақытта мекемедегі орта білімі жоқ 13 сотталған 9, 10 және 11-сыныпта оқитын болады.
«Жастықпен шалыс басып, орта білім ала алмадым.Өзім де бұзықтау болдым.Ата -анамды тыңдамадай , мектепте оқуға ынтам да болмады .Ішімдік ішіп,жол көлік оқиғасын жасап, 5 жылға бас бостандығынан айырылдым. Енді міне жазамды өтеп жатырмын. Сотталған соң болашағымды көп ойлайтын болдым. 10 сыныпта оқып жатырмын.Жаңа оқу жылында өзім сияқты білім алушыларға сәттілік тілеймін «,- деді сотталған азамат.

Телефоны под прикрытием: водитель ИП пытался провести гаджеты в колонию

В учреждении №12 средней безопасности Департамента по Алматинской области...

Лудомания – ғасыр дерті

Құмар ойындар тек жекелеген адамдардың тағдырына ғана емес, жалпы...

Әлімжеттіктің түрлері және алдын алу жолдары

2026 жылдың наурыз айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультетінде...

Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр

Елорда коммуналдық қызметі қыс мезгілінен кейін қаланы ауқымды санитарлық...

Верность профессии

В сфере здравоохранения ценны не только профессионализм, но и...