Қызылордада журналистер марапатталды

«26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне» орайластырылған айлық шеңберінде, сондай — ақ облыс тұрғындары арасында есірткіге қарсы насихат жүргізу және полицейлердің имиджін көтеру мақсатында тілшілер арасында «Есірткісіз болашақ!» тақырыбында байқау өтті. Іс-шараны Қызылорда облысы Полиция Департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы ұйымдастырған.
Байқаудың мақсаты — нашақорлық пен есірткі қылмысының өзекті мәселелеріне қоғам назарын аудару, мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттары және нашақорлық саласындағы маңызды іс-шаралар туралы халықты хабардар ету, есірткі қылмысының өзекті мәселелері бойынша материалдар жариялайтын журналистерді қолдау.
Тілшілер нашақорлық пен есірткі қылмысы проблемасын жариялай отырып, халықты, өскелең ұрпақты есірткісіз өмір туралы хабардар етуге өз үлестерін қосты.
Байқауға қатысушылар номинациялар бойынша бөлінді, барлық қатысушыларға дипломдар мен естелік сыйлықтар табысталды. Үздік атанғандардың қатарында біздің Қызылорда облысы бойынша меншікті тілшіміз Гүлбану Мақажан да бар. Әріптесімізді құттықтаймыз!

Сот отырысында тәртіп сақтау баршаға міндет

Сот отырысына қатысудың тәртiбі заңмен бекітілген. Сондықтан, сот залындағы...

Жаңа Конституция

Конституция – кез келген тәуелсіз мемлекеттің ең басты, ең...

Мемлекеттік тіл және құқықтық мемлекет қағидаты

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің егемендігі мен ұлттық бірегейлігінің маңызды...

Қазақстан Республикасындағы сот билігінің конституциялық мәртебесі

Қазақстан Республикасында сот билігі – мемлекеттік биліктің дербес тармағы...

Сотқа деген сенімді арттыру тетіктері

Құқықтық мемлекетте сот билігінің беделі мен оған деген қоғамдық...