12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қызметкелердің жанұядағы психологиялық жай-күйін білу

Қылмыстық атқару саласына қарасты Қызылорда облысындағы №37 мекемесінің кадр саясат тобынының инспекторы әділет аға лейтенанты З.Бостанова мен бақылаушылар қызметі бөлімінің бастығы әділет майоры Ж.Әбдіқайыров мекемеге жаңадан қабылданған бақылаушы қызметкерлерінің отбасы тіршілігімен танысты.

Басты мақсат: қызметкелердің жанұядағы психологиялық жай күйін білу, тұрмыстық жағдайларына қарай, жемқорлыққа деген тәуекелдерін бағалау үшін, зерделеу жұмыстарын жүргізу болып табылды.

Мекемедегі жеке құрамның қызметтік міндетінен бөлек, олардың қызметтегі моральдік-психологиялық көңіл-күйінің жоғарғы деңгейде болуына қызметкерлеріміздің әлеуметтік тұрмыстық жағдайының игі әсері бар.

Апта басында алдымен, жас жеке құрам мүшелерінің түрмысымен танысып,тұрмыс-тіршілігінен көзімізбен көріп,ата-анасы, жұбайлары арасындағы қарым-қатынасты бағамдап қайттық.

Алғаш болып, жұмысқа жақында ғана орналасқан, Бақылаушылар қызметі бөлімінің бақылаушысы, әділет қатарындағы Нұрлан Ардақтың үйіне бардық.

Бұл жігіт ата -анасымен бірге тұрады. Қызметке жаңа кіріске жас маман өз міндетін жауапкершілікпен атқарып жүр. Қызметтен тыс уақытта да, ішкі істер органдары қызметкеріне тән әдеп нормаларын сақтап келеді.

Келесі жас қызметкер Балтабай Мағжан жақында шаңырақ көтерген жұбайы ата-анасымен бірге қара шаңырақта тұрады екен.

Біз барғанда жанұясында жылы жағдай байқалды. Отбасы мүшелері өзара жақсы-қарым қатынаста екендігі көрінді. Үшінші жас қызметкер Әлібаев Досанның шаңырағында да отбасы жылулығы бар екенін, көзімізбен көріп, бақытты өмірінің көрінісіне куә болдық.

Жас қызметкерлердің отбасы мүшелеріне ҚАЖ саласында қызмет атқару оңай емес екендігін, отбасы тарапынан әрдайым қолдап отыру керектігін айтып жеткіздік дейді кадр саясаты тобының инспекторы Замира Бостанова.

Абай облысында жаңадан келген сотталғандардың психологиялық бейімделу деңгейін зерттеу жүргізілуде

Абай облысында қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінің психологтары, жаңадан келген...

В Алматинской области и области Жетісу 74 осужденным предоставлена отсрочка отбывания наказания

В Департаменте уголовно-исполнительной системы по Алматинской области и области...

У истоков. Колледж, где дают второй шанс

Есть люди, которые не просто работают — они становятся...

ТЕРГЕУ ИЗОЛЯТОРЫНДАҒЫ СОТТАЛҒАНДАР РЕСПУБЛИКА КҮНІН ЕРЕКШЕ АТАП ӨТТІ

25 қазан – Республика күнін Алматы қаласындағы Тергеу изоляторындағы...