Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша тергеу аяқталды — адвокат

Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша тергеу аяқталды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы жәбірленуші тараптың адвокаты Жанна Оразбахова хабарлады.

«Өткен аптаның соңында біз Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы хабар алдық. Қазіргі уақытта іс бойынша жүргізілген барлық сараптамамен таныстық, бірақ қылмыстық іс материалдарымен әлі толық танысқан жоқпыз. Менің мұндай істер бойынша тәжірибем өте көп, мен бұған дейін кісі өлімі бойынша істерге қатысқанмын, бірақ тіпті менің өзімді сарапшылардың қорытындысы таңғалдырды. Мұндай қатыгездікті, салқынқандылықты көрген емеспін. Қазіргі уақытта Салтанаттың отбасына деген құрметіміз үшін кісі өлтіру оқиғасының мән-жайын айта алмаймыз. Тараптар іс материалдарымен танысып, қорғау туралы өтініштерін бергеннен кейін іс шешім қабылдау үшін прокуратураға жіберіледі», — деп хабарлады адвокат.

Адвокат іс бойынша қамауға алынған екінші адам — Қуандық Бишімбаевтың туысы — ҚК-нің 434-бабы «Қылмыс туралы хабарламау» бойынша айып тағылуға тиіс деген болжам жасады.

«Белгілі немесе енді жасағалы жатқан не аса ауыр қылмыс жасағаны туралы хабарламау 6000 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салынады не сол мөлшерде түзеу жұмыстары не 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы беріледі. Осы санаттағы істер — хабарламау, қолданыстағы қылмыстық іс жүргізу заңнамасына сәйкес кісі өлтіру жөніндегі негізгі іспен бірге сотқа жіберіледі. Толығырақ, біз қылмыстық істің барлық материалмен танысқаннан кейін айта аламыз», — деді адвокат.

Елімізде 870 мың адам баспана күтіп жүр. Биыл қанша үй салынады?

Қазақстанда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың саны 870 мыңға жетті. Бұл туралы құрылыс және өнеркәсіп министрі Ерсайын Нағаспаев үкіметтегі брифиңде айтты.

Қазақстанның АҚШ-қа экспорты күрт өсті 

2026 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2,89 млрд долларға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,4%-ға көп.

Қазақстанда ҰБТ форматы өзгереді: Талапкерлерді қандай жаңалық күтіп тұр 

Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу емтиханының жаңа форматы әзірленіп жатыр. Ол талапкерлердің пәндік білімін ғана емес, сыни ойлауын, цифрлық сауаттылығын, жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын және ақпаратты талдау қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.

Ипотека бағдарламалары. 2027 жылы қалай үй алуға болады?

Қазақстанда 2027 жылы жеңілдігі бар бірнеше ипотека бағдарламасы шығады. Бұлар: «7-20-25», «Наурыз», «Ұмай», өңірлік және әскери ипотека.

Елімізде түнде -8 градусқа дейін аяз болады

4 қарашада Қазақстанның 20 қаласының 18-інде жауын-шашын болмайды. Шымкент...