1992 жылдың 4 маусымында тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді. Нәтижесінде қыран бейнелі көк туымыз, басқаға ұқсамаған шаңырақ шырайлы дара елтаңбамыз, әсем әуенді және әдемі мәтіні бар әнұранымыз қабылданды. Бұл күн ел тарихында жаңа мемлекеттік рәміздер күні ретінде мәңгі есте сақталады. Мемлекеттік рәміздер- мемлекеттің мызғымас негіздерінің бірі. Ту мен елтаңба –егемендік және тәуелсіздік идеяларының нақты заттық белгілері, ал әнұран –осы ізгі ұғымдардың бірден-бір рухани жаршысы.
Мемлекеттік рәміздер күні-Қазақстандағы мүлде жаңа мейрам, әйтсе де оны қазақстандықтар асқан патриоттық сезімімен мерекелейді. Осы орайда ШҚО бойынша ҚАЖД №73 мекемесінің қызметкерлеріде қалыс қалған жоқ, мемлекеттік ту шығарылып, әнұран орындалып Мемлекеттік рәміздер күніне орай салтанатты саптық жиын өткізілді. Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы.Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу –елді, халықты, тарихты, әдет-ғұрыпты, салт-дәстүрді қастерлеу болып табылады!!!


