12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қоғамымымызда қазақ тілділердің үлесі артып келеді

Соңғы жылдары елімізде қазақ тілді аудиторияның үлес салмағы айтарлықтай өсіп келе жатқаны байқалады. Сәйкесінше мемлекет тарапынан да осы аудиторияның сұранысын қанағаттандыру мақсатында көптеген жұмыстар атқарылып жатыр. Соның бір мысалы мәселен кеше ғана бір жыл толған Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасында да қазақ тілінің мәселесі қалыс қалмаған еді.

Президенттің сайлауалды бағдарламасының «Ортақ құндылықтар мен мәдениет» бөлігінде «Мемлекетті халық құрады, ал халықты ортақ құндылықтар ұйыстырады. Қазақ әдеби мәдениетінің дамуы туралы бірнеше ой айтылды.
Осы мақсатта:
Мемлекеттік тілдің одан әрі дамуын және күн­делікті өмірдегі қолданысын ынталандыратын боламыз. Тілдік негіздегі кемсітушіліктің кез келген түрі­не қатаң түрде қарсы тұрамыз. «Бірлігіміз – әралуандықта» әмбебап қағи­да­ты бойынша этносаралық бірлік пен конфес­сияара­лық келісімді нығайту саясатын жалғас­тыра­мыз. Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасының ны­сандарын ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра ті­зіміне ұсынамыз. Қазақстанды халықаралық аренада бірегей ұлттық мәдениет пен бейбітшілік, төзімділік, ке­лісім мен ізгілік елі ретінде ілгерілететін бола­мыз» деген еді. Осы бөлімнің негізгі бөлігіндегі қазақ тілінің мәселесі күн тәртібінен қалыс қалған емес. Қазір елімізде қазақ тілді балабақшалар мен мектептердің саны еселеп артып жатыр еді. Қазақ тілді «Балапан» арнасының да ұрпағымыздың тілін қазақыландыруға қосқан үлесі зор болып отыр. Одан бөлек бұрын жастарымыз шетелдік әндерді тыңдайды деп ренжитін болсақ, қазір қазақ тілді Садраддин секілді әншілердің үлкен 10 мың адамдық стадиондарға көрермен жинай алуы қазақ тілділердің үлес салмағы артып келе жатқанын аңғартады.

Жалпы Тәуелсіздік алғалы қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту мақсатында мемлекет тарапынан нормативтік-құқықтық актілер, оны кешенді іске асыруға бағытталған бағдарламалар қабылданып, түрлі іс-шаралар атқарылуда. Бүгінгі күнгі саладағы жеткен жетістіктер отыз жыл бойғы осы жұмыстардың арқасы деуге болады. Қазақ тілін білу – әр қазақстандықтың парызы, өйткені тілге деген құрмет – сол елдің халқына көрсетілген құрмет. Ол үшін алдымен өзіміздің ана тілімізге деген құрметіміз әрашан жоғары болуы тиіс. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деген ақын сөзінің өзектілігі күннен күнге артып келеді.

Кусаинова Балым Каныбековна, Алматы облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандарылған ауданаралық сотының әкімші бас маманы

Интернет алаяқтарынан сақ болыңыз

Алаяқтық дегеніміз- бағзы заманнан бері адамзат баласымен бірге жасап...

Сот төрелігінің үнсіз қаһарманы: Сот отырысының хатшысы

Қоғамда әділдіктің темірқазығы саналатын сот жүйесінің әрбір мүшесі өз...

Талап болса, тіл тұғыры биіктейді

Қазақ тілі – қазақтың жаны, халықтың ең қадірлісі. Тілді...

Эксаумақтық соттылық және оның процестік ерекшелігі

Мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен...

Қазақ тілінің бүгінгі тағдырына біз жауаптымыз

«Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан...