Жаңа жыл қарсаныңда, Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ Департаментінің №49 мекемесінде «Ашық есік» күні өткізілді.
Сотталғандар өздерінің жақындары мен туыстарын мерекелік көңіл-күймен қарсы алды. Мекеме басшылығы келген қонақтарды мекеменің аумағындағы тұрғын-жәйлармен таныстырып, сотталғандардың күнделікті күн тәртібі туралы ақпарат берді.
Сонымен қатар, 2023-2025 жылдарға арналған ҚАЖ мекемелеріндегі жағдайды сауықтандырудың Жол картасын жүзеге асыру аясында, эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концерт ұйымдастырылды.
Жиналғандардың назарына Щыңғыс Құралбаевпен Елдар Бейбіт әндерін шырқап, сотталғандарды жұмыспен қамтамасыз еткен кәсіпкерлер шығарылып жатқан өнімдеріне жәрмеңке өткізді.
Іс-шара соңында, жазасын өтеп жүрген азаматтар арасында спорттық жарыстар өткізілді.


