Сотталғандарды еңбекпен қамту Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасына сәйкес реттеледі. Осыған орай, Алматы қаласы бойынша ҚАЖ Департаментіне қарасты № 13 ммекемесінің әкімшілігі сотталғандарды жұмысқа орналастыру орындарын анықтайды.
Мекеме қызметкерлері сотталғандардың басымдықтарын жұмыспен қамту мәселесін шешу болып табылады. Мекемедегі ұсталатын сотталғандарды уақытылы, нақты жұмыспен және жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді.
Негізгі заңдылықтар бойынша, бас бостандығынан айырылған сотталғандарды еңбекке баулып, еңбек ұйымының қызметін істеуге тарту негізін реттейтін принциптері болып табылады. ҚР ҚАК және Еңбек заңнамасына сәйкес, сотталғандардың жұмыс жасау жағдайлары, еңбекті қорғау ережелері, техникалық қауіпсіздік және өндірістік санитария нормалары бойынша жұмыс барысы реттеледі. ҚР Еңбек кодексінде көрсетілгендей сотталғандардың жұмыс жасау уақыты, еңбек жалақылары ең төменгі мөлшерден кем еместігі бегіленген нормадан аспайды. Мекемеге жаңадан келген сотталғанды мекеме қызметкерлері оның жеке басын анықтап, жас мөлшеріне қарай, жынысына қарай жұмысқа орналастырады.
Мекеменің соталғандары өздерінің жеке бейімділігін, олардың кәсіби дағдыларын іске асыру барысында жұмыстарын нақ көрсете алады. Сотталғандардың жеке істері бойынша атқару парақтары болса, еңбек жалақыларынан белгіленген сомма ұсталып отырады. Сотталғандардың жалақысынан сот тапсырыстар үшін шегерім сомаларды жасалады. Сотталғандардың туыстары үшін материалдық қолдау көрсету үшін, жеке басына қатысты қажетті заттарды сатып алу үшін қаражаттарын пайдалануға мүмкіндік беріледі. Осының барлығы сотталған жұмысқа орналасқандығымен ғана жасалады. Сотталғандардың жұмыс істеу мүмкіндігі маңызды. Қоныс колониясындағы сотталғандар өмірлік қажеттіліктеріне байланысты, қол жетімді жағдайда ұсталынуда.
№ 13 мекемесіндегі сотталғандардың жағдайы жақсы жағына қарай өзгереді. Бас бостандығынан айырылған сотталғандар мекеме әкімшілігінің қызметкерлері жұмысқа орнкаластырғандары үшін жақсы лебіздерін, ниеттерін жеткізіп жатады. Мекемеден босап шыққанннан кейін, бостандықта қандай жұмыс атқаратындықтарын, алдына қойған мақсаттарына жете алатындықтарын, және «Болашақтың жарқын екендігін», белсенді өмірді ұстану үшін, оң көз-қарастың пайда болуына осы жұмыспен қамтамасыз ету бөлімінің қызметкерлерінің қосатын үлесі зор.
№13 мекемесінің
СЕҰБ аға инспекторы
аға лейтенанты
Е.А.Закиров


