12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ҚАСКҮНЕМНІҢ АЙЛАСЫ

Қаскүнем жеті ай бойы айла-шарғы ойластырды. Жемтігін қалайда тұзағына түсіру үшін өзінің жиған-терген қаржысынан жеті ай бойы қосымша ақы беріп отырды. Осыншама мерзім алдап, әбден сенімге кіргендегі оның ойы бөлек еді… Қаладағы үлкен бір құрылыс дүкенінде менеджер болып жұмыс істейтін Виктор өзімен бір мекемеде қызмет ететін кассир-бухгалтер Анармен күнделікті сөйлесе жүріп, бара-бара өзара сыйластық жақын қарым-қатынасқа ұласады. Кім байлықты жек көрсін. Ақшамен қалтасын қампита түсуді кім қаламайды дейсің. Виктор мен кассир келіншектің «қызу» әңгімесі жүре келе баюдың оңай жолын қайтсек табамыз дегенге келіп тіреле беретін. Келіншектің ақшаға деген құмарлығын аңғара түскен Виктор оны қалайда тұзағына түсіруді ойластырады. Адамнан айла артылған ба, Виктор Анарды қылмысқа итермелеудің түрлі қитұрқылығын ойлап табады. Оңай олжа табудың жолын меңзейді. Пайда табудың қарапайым әдісі келіншектің де көңілінен шыққан болатын. Виктор айтқан бұл амал банктік алым-салыммен тікелей қатысты еді. Басында бұлар несиені рәсімдеп, сосын оны мерзімінен бұрын жабу арқылы, сондай-ақ, банктік депозитті қаржылай қаржымен толықтыра түсіп, оның пайыздық сыйақысын алу арқылы кіріс табуды ойлаған. Анар оның айтқанына иланды. Сөйтіп олжа табуға кірісіп те кетті. Келіншектің басын айналдыру үшін Виктор өзінің қалтасынан ақша шығарып, оған беріп отыруға дейін барды. Мұны жүргізілген операциялардан түскен банктік пайыздар деп алдады. Бұл арам пиғылды амал-шарғы жеті айға созылды. Виктор қосымша табыс табуға Анардың әбден көзі жетті-ау деген бір күні оған және бір ұсыныс жасайды. Енді ірі көлемде депозит сала отырып, оңай олжаға кенелуге болатынын айтады. Ол үшін кемінде 5 миллион теңгені, оның өзінде қолма-қол ақша күйінде табуы керектігіне иландырып бағады. Ал Анар болса, оның арамдығына еш күдіктенбестен 5 миллион теңгені қолма-қол алақанға салып береді. Тіпті жетпегенін жақын туған-туыстарынан қарызға алады. Виктор сол күні анасына үйге келмеуді өтініп, Анармен кездесуге сөз байласқан еді. Келіскендей-ақ, таңертеңгі сағат 10 шамасында екеуі алдын ала келісілген жерде жолығады. Кездескен бетте Виктор Анарға ұялы телефонын сөндіріп тастау керегін айтады. Қаскүнем Анардың 5 миллион теңге қаржысы өзімен бірге екенін білген соң оған қастандық жасауды ойлап пәтеріне шақырады. Екеуі сағат 11.00 шамасында Виктордың пәтеріне келеді. Жігіттің жеті ай бұрын жасаған жоспары орындалуға таяу. Тағаты қалмаған Виктор үйге кірісімен алдын ала дайындап қойған өрілген жіпті алады да, шалт қимылдап Анардың мойнына салып қылғындыра кетеді. Қаныпезер Анарды өлтіріп, оның 5 миллион теңге көлеміндегі ақшасымен қоса құны 34900 теңге тұратын алтын сақинасын және 64400 теңгелік ұялы телефонын қолды етеді. Ол өз қолымен жасаған қылмысын жасыру мақсатында мәйітті қағаз қорапқа салып, туған бауырының жер үйіне апарып қояды. Ағасы ол жасаған қылмыстық істен хабарсыз еді. Ал ертеңіне Анардың жансыз денесі салынған қағаз қорапты анасының жер үйіне апарып қояды. Құқық қорғау органының қызметкерлері келесі күні мәйіт салынған қағаз қорапты сол мекенжайдан тапқан. Бұл қылмыстық істі қараған Қарағанды облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының отырысында жәбірленуші Нұрланнан жауап алынды. Ол Анармен некелескеніне біршама жыл өткенін, кәмелеттік жасқа жетпеген екі баласы барын, жарымен тату-тәтті өмір кешкенін баяндады. Анар құрылыс дүкенінде бірге жұмыс істейтін Виктормен таныстырған, бірақ онымен тығыз қарым-қатынаста болған жоқ. Сол күні тәуліктік жұмысына кеткен. Жұмыстан таңертең үйіне келген соң жарының ұялы телефонына қоңырау шалып еді, ол үнемі сөндірулі болды. Түске қарай шыдамы таусылып Анардың сіңлісі Динаға хабарласқан. Ол Жанардың туыстарынан қарыз алып, 5 миллион теңге қаржыны банкке депозитке салмақшы болғанын айтты. Бұл әрекеті жөнінде өзіне тіс жарған жоқ еді. Дина Анармен бірге жұмыс істейтін Виктордан күдіктенетінін жасырмады. Осы әңгімеден соң Дина екеуі барып полицияға арыз жазды. Арды емес, ақшаны ойлаған Виктор Нұрланның некелі жарын өлтіріп, өмірін тас-талқан етті, екі баласын жетім қалдырды. Бар жағдайды бүкпесіз айтқан Нұрлан қаскүнемді аса ауыр жазаға тартуды соттан сұрай келіп, моральдық зиян ретінде 5 миллион теңге өндіруді талап еткен. Сот отырысына Анардың сіңлісі Дина да қатысты. Дина әпкесінің Виктордың айтуымен банкке 5 миллион теңгені салмақшы болғанын білетін. Анарға бұл әрекеттің күдікті екенін қанша айтқанымен, әпкесі тыңдамады. Ақыры әпкесінің көңілін қимаған Дина жинап жүрген 900 мың теңгені Анарға қарызға берген болатын. Виктор екеуінің банкке баратын күнін де Анар Динаға айтқан. Сол күні әпкесінің ұялы телефонының сөндірулі болғанына алаңдаған Дина ақыры күмәнін Нұрланға айтуға мәжбүр еді. Ал сотта куәгер еткен Ирина: «Виктормен жиі жолығысып тұратынбыз, кейде менің үйімде түнеп қалатын. Былайша айтқанда, азаматтық некедеміз. Сол күні таңертең ол өз шаруасымен кетті, ал мен жұмысыма бардым. Ол кешке қарай телефон шалып, хабарласты. Екеуіміз кафеге барып, кешкі ас іштік. Ақшаны Виктор төледі. Виктор өзін әдеттегідей ұстады, мінез-құлқынан сезікті ештеңе байқалған жоқ, яғни сол күні қылмыс жасаған, кісі өлтірген жанға еш ұқсамады» деп ағынан жарылды. Содан бір күн өткен соң күндіз Виктордың анасы телефон шалып, пәтеріне келген. Виктордың киімі салынған сөмкені көрсетуді сұраған әйелдің сөзі Иринаны таңқалдырғаны рас. Бірақ сөмкедегі киімдерді әрі-бері ақтарған әйел лезде бір бума ақшаны тауып алады. Екеулеп санап еді, 4 миллион теңге екен. «Виктордың анасы ақшаны алып кетіп қалды. Мен кейін полицияға тергеуге шақырғанда ғана барып Виктордың бір келіншекті өлтіргенін, ақша соныкі екенін бір-ақ білдім» деді Ирина. Қарағанды облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Виктор бөтеннің мүлкін жымқыру мақсатында адам өміріне күш қолдану қылмысын жасағаны үшін және қарақшылықпен адам өлтіргені үшін айыпты деп табылып, 22 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға кесілді. Аса ауыр қылмыс жасағаны үшін ол бұл жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтейді.

Шахмұрат ИБАДАТҰЛЫ

ӘЗ-НАУРЫЗДА ТӨГІЛГЕН НӘРЕСТЕНІҢ БЕЙКҮНӘ ҚАНЫ

«Счастье всего мира не стоит одной слезы на щеке...

Қаралы сырлар

Кешкі сағат сегіздер шамасы. Аспанды көмкерген қалың бұлттанба, жоқ...

ҚОРҚАУЛАР

...Елді қарық қылмай, сананы сансыратқан нарық заманы қысқан сәтте,...

Риэлторы

Эта драматическая история произошла осенью в начале 2000-х. Группа...

САБЫР ИЗ «УБОЙНОГО»

ВЫСТРЕЛ У ПОДЪЕЗДА Время на панели автомобиля высвечивало 05.10,...