Қаржы министрлігі Ұлттық қордың кірісі теріс мәнге ие болғаны туралы ақпаратқа түсінік берді

БАҚ-та Ұлттық қордың кірісі теріс мәнге ие болғаны туралы ақпарат тарады. Осыған байланысты Қаржы министрлігі мәлімдеме жасады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, 2023 жылдың қорытындысы бойынша Ұлттық қорға 6,4 триллион теңге түскен, оның ішінде мұнай секторының түсімдері — 4,6 триллион теңге және инвестициялық кіріс — 1,8 триллион теңге.

«2023 жылы Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттер түрінде 4,1 триллион теңге бағытталды. Осылайша, 2023 жылдың қорытындысы бойынша Ұлттық қордың таза түсімдері 2,3 триллион теңге болды. Нәтижесінде 2023 жылы Ұлттық қордың активтері 26,8 триллион теңгеден 29,1 триллион теңгеге дейін өсті», — деп хабарлады министрлік.

Сонымен қатар бірқатар БАҚ-та 1,3 триллион теңге с ҰК» АҚ акцияларын сатып алуға жұмсалғаны жазылды.

«Бұл — қате тұжырым, себебі Ұлттық қордың 1,3 триллион теңге мөлшеріндегі қаражаты жұмсалған жоқ, «ҚазМұнайГаз» акцияларына инвестицияланды, яғни мұны Ұлттық қордан қаражат алу деп қарастыруға болмайды.

Ұлттық қор қаражатын «ҚазМұнайГаз» акцияларына, басқа да қаржы құралдарына орналастыру 2030 жылға дейінгі ҚР Мемлекет қаржысын басқару тұжырымдамасына және Ұлттық қор активтерін орналастыруға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесіне сәйкес жүргізіледі.

Нәтижесiнде Ұлттық қордың портфелiнде «ҚазМұнайГаз» акциялары пайда болды, олардың акциялары Қазақстан эмитенттерiнiң құнының өсуi тұрғысынан да, дивидендтiк төлемдердiң едәуiр көлемi тұрғысынан да тұрақты кiрiстiлiктi көрсететiн неғұрлым өтiмдi бағалы қағаздарының бiрiне айналды», — делінген хабарламада. 

Қасым-Жомарт Тоқаевтың қарсылығынан кейін Құрылтай депутаттары мемлекеттік наградалар туралы заңды қайта қарады 

Депутаттар Президенттің ұсынысын қолдап, мемлекеттік наградалар туралы заңның жекелеген нормаларын жаңа редакцияда қабылдады.

Қарапайым суық тиюге ұқсайды: Дәрігерлер қауіпті инфекцияның таралып жатқанын айтты 

Инфекциясы бастапқыда суық тиюге ұқсап, кейін ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін.

Елімізде 870 мың адам баспана күтіп жүр. Биыл қанша үй салынады?

Қазақстанда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың саны 870 мыңға жетті. Бұл туралы құрылыс және өнеркәсіп министрі Ерсайын Нағаспаев үкіметтегі брифиңде айтты.

Қазақстанның АҚШ-қа экспорты күрт өсті 

2026 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2,89 млрд долларға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,4%-ға көп.

Қазақстанда ҰБТ форматы өзгереді: Талапкерлерді қандай жаңалық күтіп тұр 

Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу емтиханының жаңа форматы әзірленіп жатыр. Ол талапкерлердің пәндік білімін ғана емес, сыни ойлауын, цифрлық сауаттылығын, жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын және ақпаратты талдау қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.