12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қара шаңырақ ҚазҰУ-ға 90 жыл толмақ

Қазақстан бүгінгі таңда сапалы білімімен көзге түскен елдердің бірі болып табылады. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев білімге көп көңіл бөлуде. Біз оны салынып жатқан әлемдік стандартқа сай түрлі мектептер мен жоғарғы оқу орындарынан байқаймыз. Сондай университеттердің бірі – Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті. Қазақ ұлттық университеті – іргелі білім ошағы, ғылым мен мәдениеттің орталығы. Халқымыздың заңғар перзенттері қызмет еткен, талай талантты ұл-қыздарымыз шыққан қара шаңырақ. Ғылым мен қоғам қайраткерлерінің бірнеше буынын тәрбиелеп шығаратын алтын ұямыз биыл 90 жылдық мерекесін тойлайды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті маңызды ғылыми-зерттеу институттарының бірі және сонымен қатар Қазақстан Республикасының көптеген ғылыми және кәсіби салаларындағы магистранттар мен аспиранттарға орасан зор мүмкіндіктер ашатын көрнекті оқу ордасы болып табылады. Университет халықаралық профессорларды пікір алмасуға,лекция жүргізуге шақырады, жаһандық мәселелер бойынша зерттеулер мен оқытуларды қолдауға, сондай-ақ әртүрлі шет елдермен және аймақтармен академиялық байланыстар орнатуға тырысады. Оқу ордасы  кез-келген сала бойынша білім мен оқуды жоғары деңгейде ілгерілетуді және өз күшін бүкіл әлемдік стандартқа сай болатын нәтижелерді мақсат ете отырып жұмыс атқарады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлектерді жұмысқа орналастыру рейтингінде (QS Graduate Employability Rankings) 550 ЖОО-ның ішінен 201-251-орынды алған Орталық Азиядағы алғашқы ЖОО болды.

Британдық «Times Higher Education» агенттігінің зерттеу нәтижелері бойынша ҚазҰУ 1001-1200 позициясын сақтап қалды, Asia University Rankings рейтингінде 401-500 — орын, THE Emerging Economies rankings-351-400-орын, the Impact Rankings рейтингінде-801-1000 орынды иеленді.

Ең экологиялық университеттердің «UI Green Metric Ranking of World Universities» жаһандық рейтингінде университет 212-ші орынға ие болды. Quacquarelli Symonds (QS) беделді халықаралық рейтингтік агенттігі жүргізген тәуелсіз бағалау қорытындысы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жоғары баға алып, «QS Stars Rating System» халықаралық рейтингісінде «Бес жұлдыз» жоғары марапатына ие болды. ҚазҰУ – «Бес жұлдыз» марапатына ие болған Орталық Азия аймағындағы алғашқы және жалғыз жоғары оқу орны. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті маңызды ғылыми-зерттеу институттарының бірі және сонымен қатар Қазақстан Республикасының көптеген ғылыми және кәсіби салаларындағы магистранттар мен аспиранттарға орасан зор мүмкіндіктер ашатын көрнекті оқу ордасы болып табылады. Университет халықаралық профессорларды пікір алмасуға,лекция жүргізуге шақырады, жаһандық мәселелер бойынша зерттеулер мен оқытуларды қолдауға, сондай-ақ әртүрлі шет елдермен және аймақтармен академиялық байланыстар орнатуға тырысады.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Қазақстанның жетекші классикалық университеті мəртебесіне ие Қазақстан білімі мен ғылымының ірі орталығы. ҚазҰУ-ды  еліміздің барлық жоғарғы білім беру жүйесінің тірегі, білікті мамандар ордасы деуге болады.

Қорытындылай келе, 1934 жылдан бастап университеттің ашылуынан бастап, бүгінгі күнге дейін ҚазҰУ Қазақстанның көптеген рейтингтерінде бой көрсетуде.Қара шаңырақ түлектері мемлекеттік аппаратта жоғары қызмет атқарады, мемлекетіміздің барлық салаларында, көптеген танымал компанияларда еліміздің өркендеуі үшін қызмет атқаруда.

Бисенова М.Қ

Атаханова Г.М

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультеті  қылмыстық құқық,қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының оқытушылары

Народный трибун, ученый, наставник

Вот уже пять лет нет с нами нашего наставника...

Сапалы білім-қоғам дамуының негізі

Сапалы білім – бүгінгі күннің ең өзекті тақырыптарының бірі....

Ориентир для развития

В ежегодном Послании народу Казахстана Глава государства говорил о...

Жас ғалымдардың қатысуымен “Фараби әлемі” атты халықаралық конференциясы өз мәресіне жетті

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде студенттер мен жас ғалымдардың...

Травля, буллинг среди молодежи Казахстана

Проблема буллинга на сегодняшний день очень актуальна среди молодежи....