12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ҚАРА СЕЙФ

Ауылдан қалаға

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында колхоз, совхоз тарап, азын-аулақ кәсіпорындар жабылып, ауыл тұрғындары жұмыс жоқ болған соң қалаға қарай үдере көшті. Қолдағы бар малын сатса да қаланың ортасынан үй алуға шама жоқ, көпшілігі қала сыртынан жер алып, үй салуға көшті. Қалтай ақсақалдың отбасы да үлкен шаңырақ еді, құдай қарасқанда үйдің үлкендері қырыққа таяп, отыздан асып, оқу бітіріп, үйленіп, қаладан үй алып, әке-шешеге қарасуға жарап қалған болатын. Қолдағы келіні мен баласын алып, азын-аулақ малын сатып, үлкен ұлы қала сыртынан әперген үйге бір түнде көшіп келді. Қалаға кіре берісте орналасқан жер үй «тоғыз жолдың торабы» десек те болады, күре жолдың арғы бетінде мал базары бар, саудаға ең қолайлы жер. Қалтай ақсақал оны бірден байқап, балаларына мал терісін қабылдау қоймасын ашып беріп, жем-шөп сатып, бизнесін дөңгелетіп алып кетті. «Ауыл қазағы саудаға икемі жоқ» деген сөзді жоққа шығарды. Балаларына шетінен баспана, үй алып бере бастады. Базарға ауыл-ауылдан ағылып келіп жатқан малды соятын орын ашты, сатылмай қалғаны тұратын қора-қопсы, жеп-шөп, барлығын жүйелі бизнеске айналдырып, көзін тапты. Қазақ тегіннен тегін төрт түлікте береке бар демеген, қыз-келіндері жұмыссыз отырмады, ішек-қарын тазалап, малдың басын үйітіп адал еңбектің нанын жеп, әжептәуір жағдайын жасап, бір-бір көлік мініп, еңселерін түзеп қалды.

Қауіпті ақпарат

Қалтай ақсақал да шаруаға ширақ, есеп-қисапқа жүйрік, жас кезінде біраз жыл есепші, қойма басшысы болып жұмыс істегені бар, бала-шағасына бағыт беріп, ақылын айтып, жөн сілтеп отырды. Сол үйдегі Үміт апамыз да дастарқаны кең, қолы ашық, мейірімді, төрт ұл, бес қыз тапқан алтын құрсақты ана еді. Ұлдарын ғана емес, қыздарын да ренжітпей, әке-шешем деп келгесін, көмек қолын созып, ата-аналық қамқорлығын көрсетіп, демеп, баспаналы болсын деп жарғақ құлағы жастыққа тимейтін. Үміт әже қариясымен ақылдасып үйдің кенжесі, қолындағы ұлға арнап екі қабатты коттедж алмақшы болады. Ол кезде қазіргідей емес коттедж үйлер қала сыртынан сирек салынатын. Бірен-саран ғана коттедж үйлер бой көтерген еді. Кенже ұлы да үйленіп, немересі де бар. Сонымен Қалтай қария сол кенже ұлға көрнекті екі қабатты коттедж табады. Ел болған соң әртүрлі әңгіме айтылды, алайда бұл отбасының береке-бірлігіне ешкім қылаң түсіре алмады. Өйткені, отағасы да, отанасы да парасатты жандар еді. Отбасылық әңгімелері базардағы әйелдер арасына тез тарап кететін, себебі Үміт ападан жұмыс сұрап келетін ауылдастар қатары көбейе берді. Көпшілігіне көмектесті, тұратын жер беріп, жұмыс беріп, қал-қадірінше қол ұшын созды. Ауылдағы ағайынды, туысты ренжіткен емес. Алайда олардың отбасылық әңгімелерді естіп алып, базарға, ауылға таратып жіберетіні бар. Осы жолы кенже ұлға алынғалы жатқан коттедждің әңгімесі базардағылардың жырына айналды. Жүз мың доллар – ол кезде бұл ақша орта шаруаның түсіне де кірмейтін. «Қалтай ақсақал кенже ұлына жүз мың долларға үй алғалы жатыр екен» деген әңгіме базарды қойып, ауылға де жетті.

Қаралы түн

Кенже ұлы үйленген соң Қалтай қария мен Үміт ана үлкен үйдің алдына екі бөлмелі жаздық үй салдырып алып, сол жерде ас-суын ішіп, бала-шаға, немерелерге, жұмысшыларға тамақ беретін. Қалтай қарияның жұмыс орны да сол шағын үйдің төргі бөлмесінде. Келімді-кетімді саудагерлермен де сол бөлменің бұрышында тұрған қара сейфтен ақша алып, есеп-қисап жүргізетін. Бүгін әдеттегідей бала-шаға, немерелері, барлығы қаужаңдасып, Үміт апаның дайындаған кеспесін ішіп, үйлеріне тарасты. Кіші ұлы мен келіні, немересі үлкен үйде жататын. Қазақшылық кеңарқалыққа салып «біз осы жазғы үйде-ақ жата береміз, шал мен кемпірді құдай алмаса, кім алады дейсің» деп екеуі үлкен үйге жатпайтын. Сол түні қаперсіз ұйқыда жатқан қос қария қара сейфтің ішіндегі болмайтын ақшаға бола ажал құшатынын білсе ғой… Әттең… Түн ауа жазғы үйге енген үш қанішер, жетпіске жетіп қалса да қарулы, еңгезердей қариямен екі сағатқа жуық арпалысыпты. Шыны керек, біреуінің шамасы жетпей атаны екі жақтап қылқындырып, басын таспен ұрып, саусақтарын сындырып, әбден азаптапты. Ал, апа ұйқыдан оянып, не болып жатқанын түсінбей, тұра салып есікке ұмтылғанда, есіктің алдында барлап тұрған жігіт кейуананың басынан таспен ұрған. Кейін дәрігерлер ананың қорыққаннан жүрегі жарылып кеткенін айтты. Көршілер естіп қоймасын деген оймен ешқандай қару қолданбай екі адамды о дүниеге аттандырған қанішерлер қара сейфтен жүз мың теңге ғана тауыпты. Азанда жұмысқа оятатын анасының келмегеніне алаңдаған кіші ұл ояна салысымен жазғы үйге асығыс кіріп барды. Шағын үйдің едені қып-қызыл қанға бөккен. Сыртқы бөлмеде шалқасынан жатқан анасын көрген ол «жедел жәрдем, полицияны шақыр» деп жанұшыра айқайлай берді, айқайлай берді… Ішкі бөлмеде қара сейфтің жанында жатқан әкесінің өлі денесіне жақындауға әл-дәрмені жетпеді. Дереу тергеу шаралары жүріп кетті. Қалтай қариямен сауда-саттық жасасқан саудагерлер түгел тексерілді. Қарияның ұялы телефоны арқылы бірнеше адам күдікке ілінде. Ішінде Шу жақтан сексеуіл әкеп өткізетін жігіттер назарға түсті. Қылмыскерлер ұсталды, жазаланды да, бірақ қазақы бейқамдық пен қазақы кеңпейілділіктің үлгісіндей болған қос қария әлі де немерелерінің қызығын көретін еді-ау…..

Мәрия ЖҰМАҚОЖАҚЫЗЫ, Журналист-педагог

Риэлторы

Эта драматическая история произошла осенью в начале 2000-х. Группа...

САБЫР ИЗ «УБОЙНОГО»

ВЫСТРЕЛ У ПОДЪЕЗДА Время на панели автомобиля высвечивало 05.10,...

Үкілі кер

Үш күн өтсе де, Нұржан үйіне оралмады. Ат та...

СОВЕСТЬ

Начинался новый ХХІ век. Стояла морозная снежная зима, последние...

Екі әріптің әлегі немесе опердың опасыз операциясы

Жұман бүгін ұйқысынан көңілсіз оянды. О бастан далада туып,...