Қарама қайшылықтарды шешудің дағдылары

Сервистік полиция – бұл мемлекеттік институттар және азаматтардың құқықтық тәртіп саласындағы проблемаларды бірлесіп шешу мен анықтаудағы қалыптасқан қарама қатынастары негізі болатын, қоғамдық қауіпсіздік моделінің бір элементі болып табылады.

Серіктестікте (партнерство) ұстанымдар мен көзқарастардың сәйкес келмеуі себептерінен қарама қайшылықтардан құтылу мүмкін болмайды. Бұл жағдайлар келіссөздер және өзара ымыраға келу жолымен ғана шешімін табады. Қарама қайшылық – бұл әлеуметтік құбылыс. Қарама қайшылықсыз қоғамның дамуы мүмкін болмайды. Қылмыстық-атқару жүйесіндегі қарама қайшылықтарда өзара бақталас болып қызметкер және азаматтар, арнайы контингент (тергеумен қамалғандар, сотталғандар), олардың тума-туыстары, пробация қызметі т.б. түседі.  

Осы тұрғыда, Астана қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің психологтары қарама қайшылықсыз қарым-қатынас, қарама қайшылықты жағдайлардан шығу дағдылары, азаматтар тарапынан жасалатын провокациялық әрекеттерге іс-қимылдар  жөнінде тренингтер өткізіп отырады.

Тұлғаның қандай да бір құқықбұзушылық жасауға соқтыратын қоғаммен, заңмен қарама қайшылығы, қызметкерлерді пайда болатын қолайсыз жағдайларға қалдыратын негізгі себеп болып табылады.

Тренинг барысында, қызметкерлер қарама қайшылықты кейстердегі жағдайларға талдау жасай отырып, олардан шығудың бірнеше нұсқасын анықтайды. Осыдан соң талқылау жасалып, заңдылық пен психологиялық факторларды ескере отырып, тиімдісін таңдайды. Себебі, бір қарама қайшылықты  жағдайда, әр адам психологиялық типіне, гендерлік сәйкестігіне, әлеуметтік жағдайына, білім деңгейі мен басқа да көптеген факторларға байланысты әртүрлі әрекет жасайды.

Қарыздан құтылудың тиімді тетігі

Әрбір заң азаматтардың құқығы мен бостандығын әділ қорғау, халыққа...

Жаңа Конституция заң үстемдігін орнатады

Еліміздің жаңа Конституциясының жобасы бүкілхалықтық референдумда халықтың қолдауымен қабылданды....

8848 театры – «Бақыт үлкен болмайды» атты жаңа премьераны көрерменге ұсынбақ…

Жақында Алматыда 8848 театры құрылып,  жаңа театр өнер әлеміне...

Қазақ тіліне деген құрмет әрқашанда маңызды болуы тиіс

Қазақ тілі — Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі және елдің...

ОТ ФОРМАЛЬНОГО УЧАСТИЯ – К РЕАЛЬНОМУ ВЛИЯНИЮ

Общественный контроль в Казахстане в условиях конституционных преобразований последних...