Қалқаман ауруханасы дәрігерлері созылмалы және жіті геморройды шағын инвазивті заманауи әдіспен емдейді

47 жастағы пациенттің бұл сырқатқа шалдыққанына он жылға жуықтаған. Босанған кезде пайда болған аурудың асқынғаны соншалық, соңғы кезде үлкен дәретке отыру үлкен проблемаға айналыпты. Жетінші аурухананың колопроктология бөлімшесі мамандары оған 3-дәрежелі көтеу деген диагноз қойды, деп хабарлайды №7 ҚКА баспасөз қызметі.
Хабарламаға сүйенсек, эпидуралды жансыздандыру арқылы тік ішекке Лонго операциясы жасалды. Заманауи аппараттың көмегімен жасалған ота сәтті өтті. Пациент үшінші күні ауруханадан шықты. Себебі шағын инвазивті ота орны дәстүрлі операцияларға қарағанда тез жазылады, ауырсыну сезімі де әлдеқайда төмен болады. Пациенттер екінші күні аяққа тұрып, дәретке отырғанда қиналмайды. Жалпы, мұндай отадан кейін науқас денсаулығы 7-8 күнде қалыпқа келеді, дейді мамандар.
«Операциядан бері 10 күн өтті, дәрігерлерге алғыс айту үшін өз аяғыммен ауруханаға келіп тұрмын. Маған бақыт сыйлаған, жұмыс істеуге, адамша өмір сүруге мүмкіндік берген ақ халаттыларға айтар алғысым шексіз», — дейді пациент.
Бір айта кетерлігі, ота міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті шеңберінде жамалды.
№7 аурухананың колопроктология бөлімшесі меңгерушісі Марат Каленбаевтың сөзіне сүйенсек, Лонго операциясы көтеудің III-IV-ші стадиясында қолданылады. Ол тікішектің анатомиялық құрылымын қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Бұл әдісті қолданғанда зақымданған ішектер кесіп алынбай, керісінше жоғары қарай тартылады. Ішектегі шырышты қабықтың геморрой түйіндерінен жоғары орналасқан бөлігін кесіп алып тастағаннан кейін түйіндер өздігінен түсіп қалады.

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ҚЫЗМЕТ ТІЛІ

Тіл – мемлекеттік басқару мен қоғамдық келісімнің маңызды құралы Кіріспе...

Заңнама талаптарының сақталуы туралы түсіндірме жұмыстары

Мемлекеттік қызмет саласындағы маңызды міндеттердің бірі - мемлекеттік қызметшілердің...

ЭЛЕКТРОНДЫ СОТ ТӨРЕЛІГІНІҢ ТИІМДІЛІГІ

Қазіргі таңда цифрлық технологияларды дамыту мемлекеттік органдардың, оның ішінде...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ КӨРІНІСТЕРІНІҢ АЛДЫН АЛУ – ӘРБІР ҚЫЗМЕТКЕРДІҢ МІНДЕТІ

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін, азаматтардың мемлекеттік...