Қала әкімі жанындағы қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзгеде шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу, қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзгеде көмекті ұйымдастыру жөніндегі қалалық комиссия отырысы қала әкімінің орынбасары Ермұханов Нұржан Мақсотұлымен өтті. Қалалық дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері, қалалық бөлім басшысы, қалалық ішкі істер басқармасы, облыстық еңбек инспекциясы басқармасы, Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаменті 75,15,79 мекемелері, қалалық пробация қызметкерлері қатысты.
2022 ж. атқарылған жұмыстарын және өзгеде проблемалық мәселелері туралы, сонымен қатар жылжымалы кітапхана ұйымдастырылатын жөнінде мәселелер қарастырылды.


