Ағымдағы жылдың шілде айының 20 күні Үржар ауданының прокуроры Үржар аудандық № 1 пробация қызметінің есебіндегі бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаға сотталғандарды жеке қабылдауына шақырып қайталама қылмыстылықтын алдын алу мақсатында, сотталғандармен жекелей әңгіме өткізді. Өзінің жеке қабылдауында аудан прокуроры сотталғандарға қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жаза талаптарын қатаң сақтауды түсіндіріп, өздерімен түзелу жолына тұру үшін жүргізілетін профилактикалық жұмыстардан оң нәтиже шығаруды басып айтты. Сонымен қатар сотталғандардың әлеуметтік жағдайларына да ерекше тоқталып өтті.
Пробация қызметінің есебіндегі тұлғалармен өткізілген бұл кездесу, сотталғандардың өздеріне тағайындалған жаза өтеу талаптарын орындалу үрдісі барлық құқық қорғау органдарының қадағалауында екенін түсіндіреді.
Кездесу сонында бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалған «А» есімді сотталған: « Мен осы кездесуде өзіме тағайындалған жаза өтеу талаптарына жауапкершілікпен қарап, пробация қызметінің талаптарына мұқият болуым керек екендігін түсіндім» деп өз ойын айтты.


