12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ҚазҰУ-да «Білім шырағы» жағылды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 1-курс білімгерлерін «Студенттер қатарына қабылдау» салтанатты кеші өтті. Кешке мемлекет және қоғам қайраткерлері, белгілі ғалымдар, қаламгерлер, кәсіпкерлер, қаржыгерлер, журналистер, блогерлер, эстрада жұлдыздары арнайы шақырылды.

Салтанатты шараға сондай-ақ шетел дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекеме басшылары, оқытушы-профессорлар қауымы мен білім алушы жастар қатысты.

Дәстүрлі мереке Әнұранды орындаумен басталды. 16 факультеттің өкілдері –  университет табалдырығын жаңа аттаған жастар арнайы шерумен жүріп өтті.

Салтанатты шараны ашқан Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев барша қатысушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады. Ректор Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың биылғы отырысында сөйлеген сөзінде: «Әділетті Қазақстан» және «Адал азамат» ұғымдары ел тірегі болатын егіз құндылық ретінде әрдайым қатар тұруға тиіс. Адал азаматқа тән қасиеттер әрбір жастың бойынан табылуы керек. Ұлттың жаңа болмысы білім, ғылым және мәдениет саласын дамыту арқылы қалыптасады», – деп атап өткеніне айрықша тоқталды.

«Биыл ұлттың жаңа болмысын қалыптастыруға ұмтылған 7436 талапкер ҚазҰУ-ға 1-курсқа қабылданды. Оның 4000-нан астамы мемлекеттік грант иелері. Бірінші курс студенттерінің арасында 637 «Алтын белгі» иегерлері мен 267 үздік оқушы бар. Магистратураға – 1340, докторантураға 278 адам түсті», – деді ҚазҰУ ректоры. Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетіне 1098 адам қабылданды. ҚазҰУ жаңа оқу жылына жалпы саны 10 152 адам қабылдады. Қазіргі таңда ҚазҰУ-да 25 мыңға жуық студент бар, оның 2,5 мыңға жуығы әлемнің 50 елінен келген шетелдік студенттер», – дей келе, ректор университет тарихының маңызды кезеңдері мен қызметінің нәтижелерін де атап өтті.

Биыл университетте 36 жаңа білім бағдарламасы енгізілді. Атап айтсақ: «Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар», «Өнер және гуманитарлық ғылымдар», «Денсаулық сақтау», «Жаратылыстану, математика және статистика», «Машина жасау, өңдеу және құрылыс салалары», «Педагогикалық ғылымдар».

Биыл жазда Ақтау қаласында өткен универсиадада ҚазҰУ спортшылары 39 алтын, 27 күміс, 22 қола медальға қол жеткізіп, көш бастады. Қытайдың Чэнду қаласында өткен жазғы универсиада жарысында да жас спортшыларымыз жоғары нәтижелерге қол жеткізді.

Келесі жылы университетіміздің құрылғанына 90 жыл толады. Өткен жылы Үкімет қаулысымен ҚазҰУ-ға зерттеу университеті мәртебесі берілді. Мемлекет басшысының қолдауымен университет Ыстамбұл және Бішкек қалаларында өз филиалдарын ашты. ҚазҰУ-да өткен жылдан бері МИФИ Ұлттық ядролық зерттеу университетінің филиалы жұмыс істейді. Қазір Қытайдың Солтүстік-батыс политехникалық университетінің филиалын ашу жұмыстары жүріп жатыр. Қалашық аумағында жаңадан заманауи дәмханалар, ғаламтор-кафелер, дүкендер, кофеханалар мен көшірме орталықтары жұмыс істейді. Биыл 4000 орындық жатақхананың құрылысы басталады.

Сөз соңында ректор Жансейіт Түймебаев салтанатты жағдайда ақыл мен парасатты, ақиқат пен білімді бейнелейтін «Білім шырағын» жақты. Бұл ерекше сәтті «Даму» этно-джаз аспаптық тобы әсерлі әуенмен сүйемелдеді.

Өз кезегінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Директорлар кеңесінің төрағасы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Түлектер қауымдастығының төрағасы Қайрат Мәми құттықтау сөз сөйлеп, 1-курс студенттеріне табыс тіледі.

«Студенттер қатарына қабылдау» кеші ерекше өтіп, шара концерттік бағдарламамен жалғасты. Көрермендер назарына қызықты ойындар, пиксель және лазерлік шоу ұсынылды. Сахнада танымал жас орындаушы Malika Yes, «Ақбұлақ» фольклорлық ансамблі, халықаралық байқаулардың жеңімпазы Ғаламат Бейсеқожаев, белгілі әнші Сейфуллин Жолбарыс, Мұқасан Шахзадаев, Royals Live Band тобы және басқа да эстрада жұлдыздары әннен шашу шашты.

Мерекеде ҚазҰУ-дың талантты әншілері мен креативті жастары да өз өнерлерін паш етті. Заң факультетінің студенттері «Гүл Алматы» шоуын дайындады. 30 шетелдік студент қытай, корей, өзбек, түрікмен, түрік халық билерін билеп, көпшілік ықыласына бөленді. 140 студент «Салауатты өмір салты» жобасының жарқын тұсаукесерін ұсынды. Студенттердің «Бәріміз бірге ел үшін» қойылымын «Адал азамат» деген жазумен аяқтағаны ерекше әсерге бөледі.

Студенттер мерекесі фантастикалық лазерлік шоу мен би кешіне ұласты.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі

Время покажет? 

Мы проанализировали мнения ведущих экспертов, являющихся сторонниками единого часового...

Тәуелсіздік — ел тұғыры

Еліміздің Тәуелсіздік бесігінде тербелгеніне отыз үш жыл толды. Осы...

Алтынбек НУХҰЛЫ, Парламент Сенатының депутаты: «ҚАБЫЛДАНҒАН ӘРБІР ЗАҢ МАҢЫЗДЫ»

– Биылғы жылы қандай маңызды заңдар қабылданды? – Қазақстан...

Ожидания от регионального кадрового резерва

Я, Умбеталиев Абылайхан Жолдасбекулы, являюсь руководителем отдела контроля требований...

ПОДВЕДЕНЫ ИТОГИ ПРОЕКТА «АКСЕЛЕРАТОР МОЛОДЕЖНЫХ ОРГАНИЗАЦИЙ ГОРОДА АЛМАТЫ»

Состоялся итоговый круглый стол проекта «Акселератор молодежных организаций города...