«Қазыналы қария – телегей-теңіз дария»

Ардагерлер мен зейнеткерлерге қамқорлық жасау, қарт адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту, оның ішінде жүйелі бос уақытты тиімді ұйымдастыру, ішкі шығармашылық әлеуетті іске асыру үшін жағдай жасау, оларды қоғамның белсенді өміріне тарту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Осындай елеулі іспен елімізде қазіргі таңда «Зейнеткерлік жастағы, оның ішінде созылмалы соматикалық аурулары бар қарт адамдарға арналған күндіз болу орталығы» да айналысады. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне орай бұл орталық халықтың мәдениетін, дәстүрін ұлықтау мақсатында қариялар арасында этно жарыс өткізді.

Алтынбекова Еңлік Ерланқызы, «Зиялылар» қоғамдық қорының директоры:

— Бүгінгі шараны ұйымдастырудағы негізгі мақсатымыз «Тәуелсіздік -тұғырым» ұранымен, егемендік алғанымызға 32 жыл толуын тойлау. Және де аға буыннан үлгі алып, ескіріп бара жатқан әдет-ғұрпымыз бен салт-дәстүрімізді жаңғырту. Десе де, ең басты мақсатымыз сайысқа қатысқан аудандармен байланысты нығайтып, ауызбіршілікті арттырып, бір-бірімен тәжірибе алмасу болды.

Шараға Алматы қаласының барлық ауданы қатысты. Сайысты «Зиялылар» қоғамдық қоры қаржыландырып, 4 жүлделі орын (бас жүлде, І, ІІ, ІІІ) мен алты номинация қарастырды. Сайыс үш кезеңнен тұрды. (таныстыру, қойылым, сән көрсету). QAZ MEDIA орталығынан жастар келіп, өз өнерлерін паш етіп, ұрпақтар сабақтастығын көрсеткенін де тілге тиек етпесе болмас.  

Бұл шара қариялардың көңілін аулап,  бір серпілтіп тастағаны анық.

Телефоны под прикрытием: водитель ИП пытался провести гаджеты в колонию

В учреждении №12 средней безопасности Департамента по Алматинской области...

Лудомания – ғасыр дерті

Құмар ойындар тек жекелеген адамдардың тағдырына ғана емес, жалпы...

Әлімжеттіктің түрлері және алдын алу жолдары

2026 жылдың наурыз айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультетінде...

Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр

Елорда коммуналдық қызметі қыс мезгілінен кейін қаланы ауқымды санитарлық...

Верность профессии

В сфере здравоохранения ценны не только профессионализм, но и...