spot_img
spot_img

Қазақ тілі — ел байлығы

Адамзат тарихының сандаған ғасырлар бойы жинақтаған тәжірибесі көрсеткендей қоғам мен мемлекет құрылымындағы күрделі құбылыс –  тіл мәселесі болып табылады.

Тіл — қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы-әрбір елдің ұлттық мақтанышы.

Қазақ мемлекетінің негізін қалауға ат салысқан бабаларымыз Төле, Қазыбек, Әйтеке Билермен өзіміздің мемлекеттік тілде ел болуға, елімізбен — жерімізді қорғауға шақырып, келешек ұрпаққа үлгі болар өнегелі де ұран іспеттес өсиеттерін қалдырылған. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. «Тіл тағдыры-ұрпақ тағдыры, ұрпақ тағдыры – ел тағдыры» деген ұранды ұстанған қазақ халқы ғасырлар бойы елі мен жерін, діні мен тілін сақтап қалу жолында талай қиын-қыстау кезеңдерді басынан кешірді. Өйткені ана тілі мәселесі-сол тілде жасаған, жасап келе жатқан халықтың өткені мен бүгінгісін таразылай отырып, болашағын танытатын, сол халықтың мәңгілігінің мәселесі.

Елбасы: «Мемлекеттік тіл енді ұлттық саясаттың діңгегі болуы тиіс», деген. Жыл сайынғы халыққа жолдауында да басым бағыттарының бірі мемлекеттік тілді жан-жақты дамытуды басты назарда ұстап келеді.

Балалардың тілді білмеуі, ұмытуы – ұлтқа төнген қауіп. Сондықтан, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруді әр отбасы, әрқайсымыз өзімізден бастауымыз қажет. Қазақстанда тұрып жатқан әрбір ұлт тілдік үйлесімді ұстанып отырған Елбасының саясатын терең ұғынып, қадірлей білуіміз қажет.

Тіл тек қарым-қатынас құралы емес, ұлтымыздың биік тұғыры. Бұл ретте біздің мемлекетіміздің тілге деген жанашырлығы басым.

Конституциямыздың жетінші бабының бірінші тармағында Қазақстан Рсепубликасындағы мемлекеттік тіл-қазақ тілі деп анық жазылған, Ата Заңымыздан туындаған  «Тіл туралы» Қазақстан Республикасының заңында да осы жағдай берік қамтылған.

Ата Заңда баянды етілгендей, ана тіліміз ең жоғары қолданыс деңгейінде болуы үшін «Мәңгілік ел болудың негізі, мәңгілік тіл екенін» естен шығармау қажет.

Ақтау қаласының №2 соты әкімшісі А.Х.Туракбаева

Съездердің соттар үшін маңызы зор

Қазақстанның сот жүйесі тарихында тоғызыншы рет өткізілетінн ҚР Судьялар...

Сот кабинеті туралы

            Сот кабинеті бұл электрондық ақпараттық сервис. Сот жүйесіне...

Атқарушылық жазба туралы

        Борышкерден ақшаны өндіріп алу немесе өзге де жылжымалы...

Дау мұраты бітім!

Ертеде қазақ халқы «бас жарылса – бөрік ішінде, қол...

«Мемлекеттік тіл – ресми іс-қағаздар тілі»

Тілді өркендету - баршаның ісі. Тіл - тек қарым...