12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қазақ тіліне сұраныс артып келеді

Бүгінгі күні қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып отыр. Мемлекеттік тілді өз мәртебесіне сай қоғам өмірінің барлық салаларына енгізу, іс құжаттарын қазақша жүргізу, қазақ тілді мектептер мен балабақшалардың санын арттыру бағытында көптеген жұмыстар жасалуда.

Мәселен кеше ғана Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мемлекеттік балабақшалардың барлығы қазақ тіліне көшуі мүмкін екенін айтты. Министрдің бұлай айтуы бекерден бекер емес. Өйткені соңғы жылдары қазақ тілді балабақшаларға сұраныс арта түскен. Демек балабақшадан бастап қазақ тілінде тәрбиеленгісі келген ұрпақ болашақ та да, өз ана тілінде сөйлеп, қазақ тлінде ойлай алатын болып қалыптасады. Осы орайда атап өтер жайт, соңғы жылдары сот саласында да істі қазақ тілінде өткізуге қатысты өтініштер көбейе түскен. Қызметтің сұранысқа қарай қалыптасатынын ескерсек, халық тарапынан артқан сұраныс, тілдің де қолданыс аясын кеңейте бермек. Жалпы Тәуелсіздік алғалы елімізде қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту мақсатында мемлекет тарапынан нормативтік-құқықтық актілер, оны кешенді іске асыруға бағытталған бағдарламалар қабылданып көптеген іс-шаралар атқарылуда.

Мемлекеттік тіл мәселесіне байланысты мемлекет өз тарапынан жасалуға тиісті нәрсенің бәрін жасап жатыр, бүгінгі күні қазақ тілінің тиісті мемлекеттік мәртебесі бар. Тиісті заң бар. Ол заң іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуге мүмкіндік береді. Ол заң кез-келген жерде мемлекеттік тілде сөйлеуге, кез-келген қағазды мемлекеттік тілде жазуға, қажет жерінде сол тілде жауап алуға жағдай жасайды. Тек халық талап етіп, қолдана алса болғаны. Осы орайда атап өтер жайт, сотқа келген азаматтардың сот процесі кезінде орыс тілінде ойын еркін жеткізе алмай жататыны кездері болады. АПК-нің 14-бабы 2-бөлігінде егер істі бірінші сатыдағы сотта қарауға дайындау барысында талап қоюшының өз өкілі талап қою арызын берген тілді білмейтіні анықталса, онда сот талап қоюшының жазбаша өтінішхаты бойынша сот ісін жүргізу тілін өзгерту туралы ұйғарым шығарады деп көрсетілген. Демек сот барысында да азаматтарымыз өз құқығын пайдаланып, кез келген сәтте сот өтетін тілді таңдап алуына мүмкіндік берілген. Демек тіліміздің құқығы өз деңгейінде қорғалып жатыр.

Қ.М.Мекемтас, Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы

«Сот төрелігінің маңызды бағытының бірі – бітімгершілік»

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының құқықтық саясатында сот жүктемесін азайту,...

ӘКІМШІЛІК СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУДЕГІ СОТТЫҢ БЕЛСЕНДІ РӨЛІ

Елімізде Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік...

Сотқа құрметтемеушілік білдірген – жауапкершілікке әкеледі

Қазақстан Республикасының заңнамасында сотқа құрметтемеушілік білдірген тұлғаларға қатысты жауапкершілік...

Сот жүйесіндегі жаңа технологиялар

Сот жүйесін жаңартуға бағытталған жаңашылдықтар жүйелі жүзеге асып, соттар...

Почему нам нужны государственные центры медиации?

Считаю, что давно назрела необходимость создать государственные центры медиации...