12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Қазақ тілім – мақтанышым

Мемлекеттік тіл — елдің халқын, бірнеше ұлттың басын қосатын, біріктіретін, ортақ істерге жұмылдыратын, патриоттық сезім ұялататын бірден-бір құрал.

Сондай-ақ, қазіргі таңда елімізде мемлекеттік тіл мемлекеттік дәрежедегі аса маңызды мәселе болғандықтан ол патриотизм, мәдени тұтастық сияқты ұғымдармен тығыз байланысты болып тұрған жөні бар.

Өзім сот саласынан болған соң сот саласындағы мемлекеттік тілдің деңгейі жайлы айтып өтпекпін.

Қазіргі таңда сот саласында мемлекеттік тіліміздің деңгейін көтеру мәселесі ең басты мәселелердің біріне айналып, қатаң бақылауға алынып отыр. Бұл өте қуантарлық жағдай. Өйткені, еліміздің егемендігін алғалы міне 30 жылдан астам уақыт өтсе де тіл мәселесі әлі де жақсы көрсеткішті қалап отыр.

Сот саласындағы құжат айналымы бойынша мемлекеттік тіліндегі үлесін анықтау мақсатында кіріс, шығыс, ішкі құжаттар бойынша соттармен мониторинг пен талдаулар ай сайын жасалынып, есеп беріледі. Мәселен, статистикаға сәйкес, Жамбыл облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2023 жылдың 9 айында кіріс құжатының мемлекеттік тіліндегі үлесі 69%-ын құраған, бұл көрсеткіш әрине көп емес, яғни кіріс құжаттың 31%-ы ресми тілінде деген сөз.

Келтірілген статистикаға сәйкес, сотқа ресми тілінде келіп түсетін кіріс құжаттар көбінесе азаматтық істер бойынша арыздар, талап арыздар, іске қатысты құжаттар болып табылады. Оның басты себебі – адвокаттардың көмегіне жүгінген азаматтарға сотқа өткізу үшін арыздар мен талап арыздардың ресми тілінде әзірлеп, дайындап беруі болып табылады.

Айта келе, әлемдегі барлық өркениетті, дамыған елдердегідей еліміздің мемлекеттік және мемлекеттік емес органдарда қызмет істейтіндердің барлығы мемлекеттік тілді білуге міндетті деп санаймын. Онсыз ол мемлекеттік тіл болып есептелмесі анық.

Жалпы, Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын қолдай отырып, Жамбыл облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен мемлекеттік тілді жандандыру, тұғыры мен мәртебесін көтеру, мақсатында басқа да органдардың, мекемелердің қатысуымен іс-шаралар өткізіліп, сот қызметшілерінің және баспасөз қызметінің мемлекеттік тіл тақырыбында мақалалары БАҚ-нда жарияланып тұрады. Бұл өз кезегінде құжат айналымындағы мемлекеттік тіліндегі үлесінің көрсеткішін көбейтуіне ықпалын тигізеді деген ойдамын.

Қорытындылай келе, мемлекеттік тілдің тұғыры мен мәртебесін көтеру өз қолымызда екенін ұмытпаған жөн.

Жамбыл облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының жетекші маманы Бану Исакова

Тараптарды азаматтық істер бойынша хабарландыру

Азаматтық процесс — бұл сот пен процеске қатысушылар арасындағы...

Электронды сот төрелігі

Сот төрелігі - іс жүргізу тәртібімен жасалатын, азаматтық және...

Көліктегі қылмыстар туралы

Механикалық, оның ішінде автомобильдік көлік, дұрыс емес пайдаланған жағдайда...

ЗАҢНАМАДА ӘЙЕЛДЕР ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛҒАН БА?

Әрбір қоғамның құқықтық жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын әйелдер...

Электронды сот төрелігінің тиімділігі

Ғылым мен техника қарыштап дамыған қазіргі уақытта өркениетті елдерде...