Қазақшаlike тамашалайық!

ҚАЖ департаментіне қарасты Алматы қаласы №11 мекемесінде «Жартас Қазақстан» қайырымдылық қорының демеушілігімен қазақ тілін үйренуші сотталғандар арасында «Қазақшаlike тамашалайық!» интелектуалды ойыны болып өтті. Мемлекеттік тілді үйрену, насихаттау мақсатындағы бұл бағдарлама әрі білімді шыңдау, әрі тартысты дода түрінде тіл үйренушілердің қызығушылығын, ынтасын арттырды. «Жігер», «Талап» болып екі топқа бөлінген қатысушылар қазақ тілінде грамматикалық сұрақтарға жауап беріп, мақал-мәтелдердің мағынасын ашып, мәнерлеп өлең оқып, әр түрлі тақырыпта мәтін құрастырып өз білімдерін жоғары дәрежеде көрсете білді.

Екі топта қазақ тілін үйренуге құшатарлықтарын, тілідің маңыздылығын дода барысында дәлеледеді. Орыс, литва, неміс, шешен ұлты өкілдерінің тілге жатық, емін-еркін сөз саптаулары, барынша тырысып өнер көрсетулері көрермендерді сүйсіндірмей қоймады. Бір-бірінен  қалыспай тең дәрежеде бақ сынасқан екі топ мүшелеріне  «Жартас Қазақстан» қайырымдылық қорының директоры Қайғатырова Роза Ерланқызы жылы лебізін білдіріп, сыйлықтар табыстады.  

                                                                                     №11 мекеме

                                                                          Қазақ  тіл мен әдебиет

                                                                          пәнінің мұғалімі А.Алиева

Әлімжеттіктің түрлері және алдын алу жолдары

2026 жылдың наурыз айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультетінде...

Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр

Елорда коммуналдық қызметі қыс мезгілінен кейін қаланы ауқымды санитарлық...

Верность профессии

В сфере здравоохранения ценны не только профессионализм, но и...

Локализация и ее преимущества 

Делегация Казахстана посетила ряд ведущих европейских предприятий, специализирующихся на...

Патриотами не рождаются, патриотами становятся 

Воспитание подрастающего поколения в духе патриотизма и духовных ценностей...