Қазақстан халқының саны жарияланды

Ұлттық статистика бюросы халық саны туралы мәліметті жариялады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2023 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша, халық саны 20 014 575 адам болған, оның 12 431 220-сы қала тұрғындары, 7 583 355-і ауыл тұрғындары.

«2023 жылдың басынан бері халық саны 247 768 адамға өсті, оның ішінде табиғи өсім есебінен 239 422 адамға, көші-қон — 8 346 адамға», — деп хабарлайды бюро.

Сондай-ақ, мәлімет бойынша, 10 240 446 әйел және 9 774,129 ер адам бар.

Халық санының ең жоғары өсу қарқыны Астанада – 5,11 пайызға, Алматыда – 2,82 пайызға және Маңғыстау облысында – 2,40 пайызға тіркелді.

Елімізде 870 мың адам баспана күтіп жүр. Биыл қанша үй салынады?

Қазақстанда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың саны 870 мыңға жетті. Бұл туралы құрылыс және өнеркәсіп министрі Ерсайын Нағаспаев үкіметтегі брифиңде айтты.

Қазақстанның АҚШ-қа экспорты күрт өсті 

2026 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2,89 млрд долларға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,4%-ға көп.

Қазақстанда ҰБТ форматы өзгереді: Талапкерлерді қандай жаңалық күтіп тұр 

Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу емтиханының жаңа форматы әзірленіп жатыр. Ол талапкерлердің пәндік білімін ғана емес, сыни ойлауын, цифрлық сауаттылығын, жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын және ақпаратты талдау қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.

Ипотека бағдарламалары. 2027 жылы қалай үй алуға болады?

Қазақстанда 2027 жылы жеңілдігі бар бірнеше ипотека бағдарламасы шығады. Бұлар: «7-20-25», «Наурыз», «Ұмай», өңірлік және әскери ипотека.

Елімізде түнде -8 градусқа дейін аяз болады

4 қарашада Қазақстанның 20 қаласының 18-інде жауын-шашын болмайды. Шымкент...