12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі экологиялық журналистика курсына шақырады

Ағымдағы жылдың 24 қаңтарында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Қазақстандағы экожүйені сақтау және қалпына келтіру: масс-медиа мен әлеуметтік желілердің ықпалы» экологиялық журналистика бойынша III курс өткізеді. Іс-шара БҰҰ Ақпараттық Бюросының — БҰҰ Жаһандық коммуникациялар департаментінің Өкілдігі және Орталық Азиядағы БҰҰ Қоршаған орта жөніндегі бағдарлама субөңірлік кеңсесінің қолдауымен өткізіледі.

Курс шеңберінде келесі модульдер көзделген: «Климаттың өзгеруімен күресудегі медиа құралдары», «Экологиялық проблемаларды шешудегі әлеуметтік желілердің ықпалы», «Тұрақты даму мақсатында экологиялық серіктестік». «Қазақстандағы экологиялық және климаттық өзгерістер» атты кітаптар, баспасөз және фотосуреттер көрмесі жоспарлануда.  

Іс-шараға БАҚ өкілдері, журналистер, үкіметтік емес ұйымдар, студенттер, магистранттар мен докторанттар қатысады.

Оқыту курсы келесі мекен-жай бойынша өтеді: Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 71/27, Әл-Фараби кітапханасы, № 409 зал.

Басқа аймақтарда жұмыс істейтін және курсқа қатысу мүмкіндігі жоқ журналистер үшін ZOOM платформасында онлайн трансляция қолжетімді болады.

https://us02web.zoom.us/j/85795302460?pwd=Tjk1eXBRVWRZVjV0WVBqTVhCTitaUT09 (конференция идентификаторы: 857 9530 2460, кіру коды: 377764).

Құрметті журналистер, аталған курстан өтуге қызығушылық танытқан жағдайда, келесі сілтеме бойынша тіркеуден өтулеріңізді сұраймыз: https://gforms.app/r/0czIvMn

Марапатқа лайық маман…

Талай адам балалық шағында полиция қызметкері болуды армандайды. Өйткені...

Cостоялся круглый стол, посвященный итогам Республиканской Недели репродуктивного здоровья

Сегодня состоялся круглый стол, посвященный итогам Республиканской Недели репродуктивного...

Республикалық Репродуктивті денсаулық апталығының қорытындыларына арналған дөңгелек үстел өтті

Бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат...

«Азаматтық қоғам 2.0»: Жетісу форумында өңірлік дамудың инновациялық шешімдері ұсынылды

Жетісу облысында елімізде осы жылда алғаш рет ұйымдастырылған «Азаматтық...

Условия неосновательного обогащения

Из содержания п. 1 ст. 953 Гражданского кодекса РК...