Қазақстанда қандай мамандық иелері көп жалақы алады?

Министрлік 2023 жылы желтоқсанда қай өңірлерде маман тапшылығы байқалғанын, сонымен қатар, жұмыс берушілер қай мамандықтарға жоғары жалақы ұсынғанын жариялады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2023 жылғы желтоқсанда бірнеше өңірде білікті мамандарға тапшылық байқалды. Соның ішінде Солтүстік Қазақстан (2,2 мың бос жұмыс орны және 655 түйіндеме), Шығыс Қазақстан (3,5 мың бос жұмыс орны және 1,2 мың түйіндеме) және Қарағанды облыстары (4,5 мың бос жұмыс орны және 2,5 мың түйіндеме), сондай-ақ, Алматы қаласы (9,8 мың бос жұмыс орны және 5,3 мың түйіндеме) бар.

Сұраныс ұсыныстан басым болғанына қарамастан, желтоқсанда заңгерлер (214 бос жұмыс орны және 846 түйіндеме), денешынықтыру және спорт мұғалімдері (112 бос жұмыс орны және 425 түйіндеме) және бастауыш сынып мұғалімдері (151 бос жұмыс орны және 442 түйіндеме) айтарлықтай асып түсті.

«Қарашада жұмыс берушілер өнеркәсіптің бас технологтарына (орта есеппен 954 мың теңгеден бастап), ұңғымаларға қызмет көрсету жөніндегі инженерлерге (800 мың теңгеден бастап) және жүйелік сәулетшілерге (700 мың теңгеден бастап) ең жоғары жалақы ұсынды. Ұңғымаларға қызмет көрсету жөніндегі инженерлерден (орта есеппен 1,5 миллион теңгеден бастап), бұрғылау жөніндегі супервайзерлерден (1,1 миллион теңгеден бастап) және өнімді әзірлеу жөніндегі басшылардан (935 мың теңгеден бастап) ең жоғары жалақыға сұраныс болды», — деп жазылған министрлік мәліметінде.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың қарсылығынан кейін Құрылтай депутаттары мемлекеттік наградалар туралы заңды қайта қарады 

Депутаттар Президенттің ұсынысын қолдап, мемлекеттік наградалар туралы заңның жекелеген нормаларын жаңа редакцияда қабылдады.

Қарапайым суық тиюге ұқсайды: Дәрігерлер қауіпті инфекцияның таралып жатқанын айтты 

Инфекциясы бастапқыда суық тиюге ұқсап, кейін ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін.

Елімізде 870 мың адам баспана күтіп жүр. Биыл қанша үй салынады?

Қазақстанда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың саны 870 мыңға жетті. Бұл туралы құрылыс және өнеркәсіп министрі Ерсайын Нағаспаев үкіметтегі брифиңде айтты.

Қазақстанның АҚШ-қа экспорты күрт өсті 

2026 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2,89 млрд долларға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,4%-ға көп.

Қазақстанда ҰБТ форматы өзгереді: Талапкерлерді қандай жаңалық күтіп тұр 

Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу емтиханының жаңа форматы әзірленіп жатыр. Ол талапкерлердің пәндік білімін ғана емес, сыни ойлауын, цифрлық сауаттылығын, жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын және ақпаратты талдау қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.