Қазақстанда колониялардан қанша тұтқын қашқаны айтылды

Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (ҚАЖК) өкілдері Қазақстанда кейінгі жылдары қанша тұтқын түрмеден қашқанын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Tengrinews.kz ресми сауалына берген жауабында ҚАЖК 2017 жылдан 2023 жылдың наурызына дейінгі аралықта қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен 23 қашу дерегі болғанын хабарлады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында барлық қашқын бірінші тәулікте ұсталып, бас бостандығынан айыру орындарына қайтарылған.

Әр қашу оқиғасы бойынша тергеу жүргізілген. Сарапшылар бас бостандығынан айыру орындарынан қашу ғимараттар мен күзет құрылымдарының техникалық беріктігінің жеткіліксіздігінен болғанын анықтады. Қазір осыған байланысты ҚАЖК «қашуға қарсы» жұмыс жүргізіп жатыр.

Ведомствоның баспасөз қызметі 2023 жылдың аяғына дейін мекемелерде үздіксіз бейнебақылау жүйесін енгізу бойынша монтаждау жұмыстары аяқталатынына сендірді, бұл — арнайы контингентті қадағалау мен бақылау сапасын айтарлықтай жақсартады.

Сонымен қатар, Бас прокуратураның баспасөз қызметі Қазақстанда жазасын өтеп жатқан тұтқындардың санын жариялады. Биылғы 10 сәуірдегі жағдай бойынша, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде 34 702 адам бар, оның 6 567-сі тергеу изоляторларында, 28 135-і түзеу мекемелерінде.

Жеткізу сәтсіз аяқталды: Алматы облысындағы колонияға тыйым салынған заттарды лақтыру әрекеті тоқтатылды

Алматы облысындағы №14 мекемеге тыйым салынған заттарды лақтыру әрекетінің...

«Кітап оқитын ұлт» ұлттық жобасын – қолдау»

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Кітап оқитын ұлт болуға...

В Алматы продолжается работа по поддержке детей в рамках проекта «Социальная мастерская»

В Алматы в рамках проекта «Социальная мастерская» продолжается системная...

Алматыда «Әлеуметтік шеберхана» жобасы аясында балаларға қолдау көрсету жұмыстары жалғасуда

Алматыда балалар үйлерінің тәрбиеленушілері мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға...

«ZEREN photo fest»: кәсіби фототілшілер ЕҰУ студенттеріне шеберлік сабағын өткізді

17–18 қазан күндері Зерендіде дәстүрлі «ZEREN photo fest» фотофестивалі...