Қазақстанда кейбір қылмыстар үшін жауапкершілік қатаңдайды

Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты заңнамаға өзгерістер енгізу қарастырылып жатыр. Құжатта бірқатар бап бойынша қылмыстық жауапкершілік және жауапкершілікті күшейту қарастырылған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әзірлеушілердің айтуынша, әйелдердің құқығын және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы заң жобасы, сондай-ақ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілген өзгерістер әйелдер мен балаларға қатысты қылмыстардың көптеген түріне қылмыстық жауапкершілікті қарастыруды көздейді.

Атап айтқанда, түзетулер қылмыстық жауапкершілікті енгізеді және мына баптар бойынша жазаларды қатаңдатады:

  • денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру – 200 АЕК (2024 жылы 738 400 теңге) мөлшерінде айыппұл салу немесе 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту, не 50 тәулікке дейін қамауға алу;
  • ұрып-соғу – 80 АЕК (2024 жылы 295 360 теңге) мөлшерінде айыппұл салу немесе 80 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту, не 25 тәулікке дейін қамауға алу;
  • қинау — 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру;
  • денсаулыққа ауыр зиян келтiру – 3 жылдан 8 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға;
  • денсаулыққа орташа ауырлықтағы зиян келтiру – 2 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру;
  • педофилия – өмір бойына бас бостандығынан айыру;
  • кәмелетке толмаған адамды өлтіру – өмір бойына бас бостандығынан айыру;
  • өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу – 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе шектеу;
  • кәмелетке толмаған адамды өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу – 5 жылдан 9 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға;
  • өзін-өзі өлтіруді насихаттау – 200 АЕК-ке дейін айыппұл салу (2024 жылы 738 400 теңге).

Дәстүрдің экологиялық бейнесі: Алматыда қайта өңделген материалдардан жасалған ер-тоқым көрсетілді

Алматыдағы «Атакент» көрме орталығы алдындағы алаңда Бостандық ауданы әкімдігінің қолдауымен Funk креативті агенттігі ұйымдастырған «Наурыз Береке Мереке» атты ауқымды фестиваль өтті.

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады 

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

Президент Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті  

Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірге сапары түркі дүниесінің рухани әрі тарихи-мәдени ескерткіштерінің бірі, ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етуден басталды.

Мереке күндері ауа райы қандай болады?

Қазгидромет 21, 22, 23 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады.