ҚАЖ қызметкерлері ҚР Президентінің жолдауымен танысты

2023 жылғы 1 қыркүйегінде біріктіріліп, жаңадан қалыптасқан қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын тыңдап, зерделеу өткізді. Оған ҚАЖ департаментінің жеке құрамы қатысты.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын мемлекеттік телеарналарда тікелей эфирде айтты. Елбасы Жолдауын Парламенттің кезекті сессиясының ашылуымен құттықтаудан бастап, жыл сайынғы дәстүрді үзбеді.

Жолдауда қандай бағыттар көрсетілсе де, ішкі немесе сыртқы саясат не әлеуметтік-экономикалық мәселелер, құқық пен руханият болсын – олардың барлығы бейбітшілік пен тыныштықты қамтамасыз ету, халықтың әл-ауқатын арттыру сияқты игілікті мақсаттарды бейнелейді.

ҚАЖ қызметкерлері Жолдауда белгіленген міндеттермен танысып, алдағы қойылған талаптарды орындауға бағыт-бағдар алды.

«Мен еліміздің әрбір азаматын осы қасиетті парызға адал болуға шақырамын. Берекелі бірлігімізді сақтап, табанды еңбек етсек, Отанымызды көркейтіп, ұрпаққа дамыған мемлекет ретінде табыстасақ, бабалар аманатына адалдық деген – осы!», — деп, ҚР Президенті өз Жолдау сөзін аяқтады.

Флешмоб ко Дню Республики запустили казахстанские студенты за рубежом

Студенты, которые учатся в иностранных вузах по программе «Болашақ»,...

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....