ҚАЖ қызметкерлері оқушыларға мамандық таңдауға көмектесті

ҚР Конститутциясының 24- бабына сәйкес, «Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп ету еркін таңдауына құқығы бар». Алайда, еліміздің жас жеткіншектеріне дұрыс жөн сілтеп, кәсіби бағыт бағдар берілмеудің кемшілігінен кейде , қолында дипломы бар азаматтар, жұмыссыз қалып жатады.

Міне осы орайда, Қызылордадағы 68 мемлекеттік мекесі( тергеу изоляторының ) кадр саясат тобы ҚАЖ қызметі саласына жұмысқа тарту және қоғамда имиждік сипатты арттыру мақсатында
іс- шара ұйымдастырды. Шара аясында мекеменің кәсіби қызметтік және дене шынықтыру даярлығы жөніндегі аға инспекторы ,әділет капитаны М.Тұрымбетов пен РжКБ- і бастығының орынбасары , әділет капитаны Е.Романкулов қаладағы 211,113 орта мектептерге барып, бітіруші сынып оқушыларымен кездесті.

Кездесу барысында капитан Е.Романкулов ҚАЖ саласы, соның ішіндегі тергеу изоляторы қызметінің өзіндік ерекшеліктері, ондағы талап пен қатаң тәртіп жайлы баяндап берді.

Ал , М.Тұрымбетов болашақ мектеп бітіруші түлектерді арнайы оқу орнынан білім алуға шақырып, нақты кәсіби бағдар беру бойынша әңгімеледі.

-» Сенде бір кірпіш дүниеге кетігін тап та бар қалан» деп Абай Құнанбаев айтқандай, әрбір азамат өмірден өз орнын табу керек.

Сондықтан сендерге алдағы толқын аға ретінде бағыт бағдар беруге келдік.

Біздің ҚАЖ саласында жұмыс жасау үшін сіздердің құқтық орта және жоғарғы білімдеріңіз немесе әскри билет болу керек .

ҚАЖ қызметкерлерін ІІМ — не қарасты Қостанайдағы Ш.Қабылбаев атындағы академиясы оқытып дайындайды. Міне осы академияны бітірген біздің біраз қызметкерлеріміз бүгінде бір — бір бөлім бастығы мен орынбасарлары болып жұмыс жасауда.

Солардың бірі, мекеме бастығының Режим және жедел бөлім жөніндегі орынбасары, әділет капитаны Әмірбек Азамат Темірбекұлы, жедел бөлімнің жедел уәкілі, әділет капитаны Б.Байдүйсен мен Арнайы есепке алу бөлімінің бастығы,әділет майоры Ф.Сембаевалар жас болса да, мекеменің білімді де білікті мамандары — деп, деп атап өтті.

Сондай-ақ, қызметке орналасу үшін кандитаттардан құжаттарды қабылдау, ішкі істер қызметкерлеріне арналған бағдарламалар мен жеңілдіктер жөнінде де айтылды.

Түлектер арнайы қызметтік формадағылардың әңгімесін қызыға тыңдады. Соның бірі 11 сынып оқушысы Аслан: Маған бүгінгі кездесу өте жақсы әсер қалдырды. Болашақта әскери қызметкер болуды армандап жүргенмін.Ағалардың әңгімесінен кейін сол арманымды жүзеге асыруға нық бекіндім- деді.

Кездесу соңында жоғарғы сынып оқушыларының қызығушылық танытып қойған сұрақтарына поғондағылар тарапынан жауап беріліп,үміткерлерге хабарландыру қағаздары таратылды.

Мамандық таңдауда қателесу сайып келгенде , таңдаған мамандығын жек көріп ,жұмыс орнын жиі өзгертуге себепші болады.

Сондықтан ҚАЖ қызметкерлері тарапынан берілген кәсіби бағыт,бағдардың болашақ тәлімгер болатын жас азаматтарға берері мол болды деп ойлаймыз.

Өйткені, бұл кездесуден оқушылар ҚАЖ қызметі жайлы ғана емес, өмірден өз орнын тапқан қос азаматтың жүйелі әңгімесі мен сөз саптауы , өз-.өздерін ұстауы мен түр- тұлғасын көріп, біліп үлгі алды.

Символ традиций в экоисполнении: в Алматы показали седло из переработанных материалов

На площади перед выставочным центром «Атакент» прошел масштабный фестиваль...

Методы разные, а результат один

В АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ ЗАФИКСИРОВАНЫ НОВЫЕ СЛУЧАИ ТЕЛЕФОННОГО И ИНТЕРНЕТМОШЕННИЧЕСТВА,...

Когда домбра – часть жизни 

ИМЯ ЮНОГО ДОМБРИСТА ИЗ КОКШЕТАУ АБЫЛАЙХАНА САМАТА ИЗВЕСТНО ДАЛЕКО...

Современные немецкие технологии 

В ЗЕРЕНДИНСКОМ РАЙОНЕ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ БЛИЗИТСЯ К ЗАВЕРШЕНИЮ СТРОИТЕЛЬСТВО...

Используя трудовые ресурсы

ИЗУЧАЯ СФЕРУ ТРУДА И ЗАНЯТОСТИ, ОДНА ИЗ ПЛАТФОРМ ДЛЯ...